Менің аты-жөнім Суйенбаева Гульвира Муханбайқызы, 1986 жылы 29-қарашада Алматы облысы, Нарынқол селосында дүниеге келдім. 1996 жылы 28-ші тамызында Иса Әкемді «Құтқарушым» деп қабылдадым, оған әкем жағынанда және анам да қарсы болған жоқ.
Бала кезден әкеме еркелеп жақын болып өскенмін, сондықтан маған Исаны «Әке» деп айту өте жақын болды. Әкем мен үшін бәрін жасауға тырысатын, сыныпта барлық жағынан өзімді көрсете алатынмын.
Тоғызыншы сыныпқа көшкен кезде мен өзімнің Исаға сенуші екенімді сыныптас қыздарға және сынып жетекшісіне айттым. Содан соң маған деген қыздардың қарым-қатынасы өзгере бастады. Олар мені бөле бастады, тіпті мені «еврейка» деп айтатын. Егер де менің өмірімде төмендегі оқиға болмағанда, маған бәрібір сияқты болып көрінетін.
Он бірінші сыныпты бітірген кезде, бізде жаңа оқу реформасы енді. Яғни БҰТ (біріңғай ұлттық тестілеу) сыныпта тестілеуден ең төмен балл алып қалдым. Бұл мен үшін өмірімдегі ең ауыр жағдай еді. Сыныптастарымның кейбіреулері «оның Құдайы қайда қарап тұр?» деп мазақ етті.
Өзімде «о, Құдай сен неге мені осындай жағдайға тастадың, енді не болмақ?» деп қатты уайымға салындым. Менің ойыма келмеген нәрсе қалмады, бірақ жүрегімде тыныштық болды. Бұл тыныштық Құдайдан болғанына ешқандай күмәнім жоқ.
2004-ші жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің, заң факультетіне түстім. Өкінішке орай, сол жылы әкем қайтыс болды. Бұл мен үшін және менің отбасым үшін өте ауыр қайғы әкелді. Содан соң оқуды бітірген жылы аяқ астынан анам қайтыс болды, осы жылдар аралығында болған жағдайлардың бәрі менің өмірге, адамдарға деген көз-қарасымды және қарым-қатынасымды өзгертті.
Кейін Құдайдың қолдауымен, екінші оқу орнына сырттай түстім. Оқуымның ақшасын төлеу керек болды. Сондықтан да жұмыс істей бастадым қолымнан келген жұмыстың бәрін істеуге тырыстым. Мейрамханада даяршы болып істедім, еден де жуушы болдым. Сол кезде мен еш шаршаған жоқпын, өйткені Құдай менімен бірге болды. Ол маған өзімді жігерлі болуға күш берді.
Мамандығым бойынша еш бір таныссыз-ақ Құдайымның қолдауымен 2006-ші жылдың 28-ші ақпанында салық комитетіне жұмысқа тұрдым. Қазір сол жерде жұмыс жасаймын, өз жұмысым өзіме ұнайды. Сыныптастарым да көрген кезде өздері таң қалып, «осы жағдайлардың бәрі сені есенгіретпей сен бұрынғыдан да күштісін ғой» дейді. Маған тек қана Құдайдың жаны ашығанын қалаймын, себебі адамдардың жаны ашығанын ұнатпаймын. Тіпті менің анам мен әкемнің жоқ екенін көп адамдар білмейді, білмегені де дұрыс деп ойлаймын. Өйткені менің Құдай Әкем бар, ол менің жақсылығымды арттырып, күнәмді кешіріп аялы алақаны мен мәпелейді.
Сізге де айтарым, өміріңізде қандай да жағдай болса да мұңаймаңыз, бойыңызды тік ұстап басыңызды көтеріңіз, Құдай сіздің басыңыздағы қиын жағдай арқылы өміріңізге үлкен өзгеріс, аян-мақсатын игілікке айналдырады. Сол кезде сіз Құдай Әкеге өз мадақтауыңызды әкелесіз. Исаның атымен, Аумин!
Категорически запрещено в комментариях обсуждать, оскорблять, критиковать, унижать любые церкви, обсуждать личности пастырей, учителей, музыкантов, дискриминировать деноминации. ...
нарушители будут строго наказаны.
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи. [ Регистрация | Вход ]