Главная » 2009»Январь»09 » Куәлік: «Құдай екі бірдей үлкен сынақтан өтуге күш берді»
Куәлік: «Құдай екі бірдей үлкен сынақтан өтуге күш берді»
10:59
Менің аты-жөнім Исақова Зәуре, жасым 22-де. Қазір Қазақтың қыздар институтының 3-ші курс студентімін. Мен Оңтүстік Қазақстан обласы, Сары-ағаш ауданында туып өскенмін. Отбасында екі ұл және екі қызбыз. Біз сіңліміз екеуміз егізбіз. Ол да тәубеге келген. Менің Исаны Құтқарушым деп қабылдағаныма биыл 4 жыл болады. Өз облысымыздың Шардара қаласында тәубе еткенмін. Негізі Иса Мәсіх туралы бірінші рет 1998 жылы естігенмін. Бірақ ол кезде тәубе ету дегенді білген жоқпын.
Құдай жолына келместен бұрын менің мінезім өте жаман, ашушаң болдым. Сөздің шыны керек, анаммен қарым-қатнасым жақсы болған жоқ. Себебі әрқашан онымен келіспеушілікке жиі кезігіп қалатынбыз. Исаға келгелі, Ол мені өзгертті. Анаммен қазір қарым-қатнасым өте жақсы. Әрине, оданда басқа көптеген сынақтар болып жатыр.
Бірде сыныптасымның үйленген тойына барғанда, бір жігіт мені алып қашып кетті. Осы кезде Құдай Тағала маған қатты күш-қуат берді. Қанша қиналсамда, менде бір батылдық сезім болды. Кейін сыңарым осы туралы естіп, мені сол үйден келіп алып кетті. Кетіп бара жатқан кезде, сол жігіттің анасы мені өте қатты қарғады. Сол кезде жол бойы көзім жасқа толып, тіпті жасқа булығып қала жаздадым. Оны кешіру маған өте қиын болды. Уақыт келе жанның сауығу сабақтарына қатысып, содан кейін маған кішкене болса да жеңілдік келді.
Осы оқиғадан кейін тура бір жылдан соң туыстарыммен тойға барғанбыз. Сол жерде өзімнің құда балам тағыда мені алып қашбақшы болды. Осы кезде тағы да маған үлкен сынақ болды. Бұл рет менің жүрегіме қатты әсер етті. Егер сол кезде Құдайды білмегенімде, мүмкін мен оларды сотқа берер ме едім деп ойлаймын. Осы ретте мен қатты Құдайдан көмек сұрап жыладым. Бірақ қасымдағы құрбыларым, «бәрі өзіңе байланысты» деді. Сөйтіп естіген сенушілердің бәрі мінажат етіп. Сол күні туыстарым мені аман-есен үйге алып кетті. Әрине, қазірде сол жігіт, құда балам болғаннан соң анда-санда көріп тұрамын. «Сен маған қиянат жасадың немесе сен мені алдадың» деп ешқашан оның бетіне айтқан емеспін. Мен оның құтқарылу үшін мінажат етемін.
Осы екінші рет болған жағдайдан кейін Исаны мойындап, туыстарымның алдында Ізгі хабар айттым. Олар маған таң қалды. Осы жағдай олар үшін түсініксіз болды. Өйткені әдетте осындай жағдайда туыстардың арасында у-шу болып ұрыс шығып жатады. Ал менің жағдайымда бәрі тыныштықпен шешілді. Бірақта әке-шешеме айтуға Құдайдан күш сұрап жүрмін. Себебі олар әлі менің Исаға сенуші екенімді толық білмейді.
Құдайға шүкір, қазір осы қауымның мадақтау тобында қызмет етемін. Құдай жолына келгеніме өте қуаныштымын. Өйткені Исасыз өмірдің мәні жоқ сияқты. Сіздерді де осы жолға шақырамын. Құдай сіздерді ерекше сүйеді! Аумин!
Категорически запрещено в комментариях обсуждать, оскорблять, критиковать, унижать любые церкви, обсуждать личности пастырей, учителей, музыкантов, дискриминировать деноминации. ...
нарушители будут строго наказаны.
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи. [ Регистрация | Вход ]