Суббота, 05.07.2025, 23:23 Наш e-mail: ortalyk@inbox.ru
Главная Регистрация Вход
Приветствую Вас, Неверующий · RSS
Меню сайта
BIBLEVERS
Разделы дневника
Разное [0]
Календарь
«  Январь 2009  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
Форма входа
Поиск
Друзья сайта
    wwjd.ru: Христианская поисковая система. Христианское видео музыка фонограммы проповеди MP3 Для ТЕБЯ
Наш баннер:

Код баннера:

Наш Flash баннер:

Код flash баннера:
Ақиқат қауымы
Наш опрос
Как вам наша группа прославления?
Всего ответов: 142
Статистика
Наша посещаемость:
счетчик посетителей сайта
Онлайн всего: 1
Неверующих: 1
Верующих: 0
 Свидетельство
Главная » 2009 » Январь » 09 » Свидетельство: «Исаға сенген ұятқа қалмайды»
Свидетельство: «Исаға сенген ұятқа қалмайды»
11:03
Менің аты-жөнім Салтанат Аманбаева. Мәскеу қаласында дүниеге келдім, әке-шешемнің жалғыз перзенті болып өстім. Сегіз жасымда Алматы қаласында тұра бастаған кезімізде әкеммен анамның арасында келіспеушілік болып, ажырасып кетті. Сөйтіп әкесіз анаммен қалдым. Шындығында, сол уақыттан бері әкем маған ешқашан қамқор көрсетіп, көмектесіп, тіпті мені іздеген де емес.
Мектеп бітіріп жоғарғы оқу орнына түсіп «кедендік іс» факультетін бітірдім. Бірінші курс оқып жүрген кезде бір фирма анам екеуіміздің және басқа да көптеген адамдардың жиған терген ақшаларымен бір түн ішінде ғайып болды. Аяқ астынан анамның жүрегі ауырып, ауруханаға түсті. Сол кезде біз Иса Мәсіх туралы естідік. Анам Оған сеніп, тез арада аяғына тұрып кетті.
Алғашында мен анама қарсы шығып, ешнәрсені тыңдағым келмеді. Өзімді «мұсылманмын» деп санасам да, дінге сене бермейтінмін. Менің ойымша Исаға сену-бұл діннің тағы бір түрі еді. Бірақ, шындығында, сол кездері анам екеуімізден таныс-туыстарымыздың бәрі теріс қарап, көмек сұрайтын ешкіміміз болмаған соң, жалғыз үмітіміз Иса Мәсіх болып, содан сұрай бастадық. Ең кереметі, өміріміз күрт өзгеріп, қызық жайыттарды басымыздан кешірдік. Анам жұмысқа тұрып, жалақысы ай сайын өсе бастады.
Біраз уақыттан соң, Республикалық Бас прокуратурадағы, Құқықтық Статистика және Ақпарат (Департамент) Орталығының Қылмыстық Ақпарат басқармасында келісім бойынша бас маман ретінде жұмыс атқара бастадым. Содан бері талай Құдай Исаның қамқорлығын басымнан кешіріп келемін. Туған әкемнің бос, қаңыраған орнын Көктегі Әкем - Құдай Иса толтырды. Осының бәрінде маған Иса Мәсіх көмек бергенін жүрегімде сездім, әрі мойындадым және шын жүректен Киелі Кітаптағы «Оған сенген кісі ұятқа қалмайды» деген сөзге сендім, өйткені осы күнге дейін солай болып келеді.
Ал қазіргі уақытта «Орталық» қауымында рухани тәлім алып, Иса Иеміздің атынан өзімнің қазақ халқыма өмірімді толықтай бағыштап қызмет етуге бел байладым. Бұл шешімімді көп дұға жасап, ораза ұстап Құдайдан қабыл алдым және қазіргі уақытта осы қызметпен айналысудамын. Негізгі қызметім мадақтау тобында солистпын. Оның атын мадақтап, жоғарыға көтеру маған ұнайды. Құдай сіздерді сүйеді! Аумин!
Просмотров: 1031 | Добавил: ortalyk | Рейтинг: 1.0/1 |

Категорически запрещено в комментариях обсуждать, оскорблять, критиковать, унижать любые церкви, обсуждать личности пастырей, учителей, музыкантов, дискриминировать деноминации. ... нарушители будут строго наказаны.

Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Хостинг от uCoz © 2025 All rights reserved. Ardak Kanatbayev
Rambler's Top100