Менің аты жөнім Руслан Қабдешов. Мен 1974 жылы Атырау обласында дүниеге келгенмін. Батыс өңірінде негізгі балалық шағым өтті. Отбасында төрт адамбыз, әйелім Жазира және екі балам бар. Құдай жолына түскенге дейінгі өмірімде Жаратушы Иеге деген кейде бір ізденістер болды. Өзімді «мұсылманмын», деп санағанмен, бірақта «ислам» діні туралы ешнәрсе білген жоқпын. Өмірімде маған үйреткенде адам болған емес. Алайда, кішкентай кезімнен Құдайдан қорқыныш, деген болды. Осы өмірдегі сұрақтарға жауаптар іздедім. Ең маңызды сұрақ «өлгеннен кейін не болады, немесе қалай болады?», деген сияқты. Соларды білгім келді. Өкінішке орай, оған жауап беретін адам болған жоқ. Содан уақыт келе, 1992 жылы «Консерваторияға» оқуға түстім. Осы аталмыш оқу орнында оқып жүрген кезімде, 1993 жылдың жаз айларында менің 1968 жылы туылған ағам қайтыс болды. Ол «Жайық» өзенінде қайықпен жүзіп жүріп, сол қайықтан он адам аударылған. Соның ішінде менің туған ағам суға батып кетіп, өмірден өтті. Сол кезде, ол 25 жаста болды. Сонда маған да ой келді, «менің де өмірім бір күні осылай үзіліп кетеді, сонда мен қайда барамын, менімен не болады?», деген сияқты. Осы сұрақтар мені қатты мазалады және қатты жүрегімде қорқыныш болды. Осыларға жауап іздедім. Әдетте жауап таппаған кезде күйінеміз, соның салдарынан арақ ішіп кеттім. Өзім анда-санда домбырамен тойларда ән айтатынмын. Содан жеңіл жүрістерге түсе бастадым. «Салсерлік өмір», деп соған қанағаттанып жүрдім. Жалпы айтқанда өзімді-өзім алдап келдім. Сөйтіп жүргенде 1994 жылы Иса Мәсіх туралы бірінші рет естідім. Ол кезде студентпін, бір күні Сара деген апай мені «мешітке барамыз», деп шақырды. Келсем мешітке ұқсамайды, әртүрлі ұлттың адамдары жүр, таң қалдым. Бірақ жүздері жылы, мені сол қауымның адамдары жақсы қарсы алды. Сол кезде ондай адамдарды бірінші рет көріп тұрғанмын, сондай керемет сүйіспеншілікпен, қонақжайлықпен күтіп алды. Сол адамдардың қарым қатнасы маған ерекше болып көрінді. Сөздерін онша тыңдамасам да, істері маған ұнады. Кейін олар мені біраз уақыттан кейін бір үлкен жиынға шақырды. Сол жерде Пакистаннан келген кісілер Құдай туралы уағыз айтты. Сол кезде мен өзімнің күнәларым туралы және не іздеп жүргенімді түсіндім. Күнәһар екенімді және Исаның мен үшін құрбан болғаны туралы ашылды. Сөйтіп, Иса Мәсіхті өзімнің Құтқарушым деп қабылдадым. Бірақта бірден қабылдау қиын болды, өйткені маған жаман ой келді, «Исаны қабылдасам, қазақтар мені таспен ұрып өлтіреді», деген. Сол күні кеште бір апайымыздың үйінде жаңағы қонақтармен бірге отырып, көп әңгімелестік, олар сол жерде де уағыз айтты. Содан кедергі болып тұрған нәрселердің бәрі ғайып болды. Түсінгенім, «менің денемді ұрып өлтіргенімен, менің жаным Құдайға барады», деген ой келді. Осы нәрсе маған маңызды болды. Сол күні, яғни 29 қыркүйек 1994 жылы толық түсініп, Исаны қабылдадым. Содан бері Иса жолында келе жатырмын. Ол менің өмірімді өзгертіп жатыр. От басымызбен сенушілерміз, балаларым кішкентай кезінен Құдайды біледі. Құдайға шүкір, басында қарсы болған туыстарымда ақырындап Құдай жолына келіп жатыр. Жаратқан Ие біздің халқымызды құтқаратынына сенімім бар, әрине қазір білмей қарсыласып жатыр. Болашақта көп нәрсе өзгеретіне үмітім бар. Құдай жолына келіп, Оның сөздерін уағыздайтын болдым. Бұрын тіпті, бір адамның алдында еркін сөйлеуге батылым болмайтын, ал қазір Оның сөзін айтуға көпшіліктің алдында еркін сөйлей аламын. Исаның жолында қызмет етіп, Оған көп жеміс алып келемін деп ойлаймын. Құдай бәрін құтқарғысы келеді, сондықтан тәубе етіп Оның жолына келіңіздер. Құдай сіздерді сүйеді! Аумин!
Категорически запрещено в комментариях обсуждать, оскорблять, критиковать, унижать любые церкви, обсуждать личности пастырей, учителей, музыкантов, дискриминировать деноминации. ...
нарушители будут строго наказаны.
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи. [ Регистрация | Вход ]