Главная » 2009»Январь»09 » Свидетельство: «Құдай жүрегіме Өз кешірімін берді»
Свидетельство: «Құдай жүрегіме Өз кешірімін берді»
11:05
Менің аты-жөнім Кыдыков Думан Бақытжанұлы, жасым 17-де. Алматы обласы, Еңбекшіқазақ ауданының орталығы Есік қаласында дүниеге келдім. Бірақта негізгі өмірім Алматы қаласында өтіп жатыр. Әке-шешем ішкі істер ұйымында, полиция қызметкерлері болып істеді. Әкем осы күнге шейін сол қызметте, ал анам қазір басқа жұмыста. Өзімнен үлкен ағам бар. Оның аты- Тимур. Өкінішке орай, біздің бала кезімізде отбасымызда үлкен мәселелер болып, әкем біздің жанұядан алыстай бастады. Ата-анам соның салдарынан ажырасып кетті. Бізге және шешеме сол кездері өте қиын соқты. Біз балалары ретінде оған өте қатты ашуланып, тіпті «өскенде одан кегімізді аламыз», деп ойладық. Әрине, сол кезде ызалықпен сондай ой болды, бірақта қазір кешіріммен қараймыз. Сол мәселенің арқасында, Құдайға жақындадық, деп сенемін. Өйткені сол кезде анамның жұмысында істейтін, бір қыз күнде шешемнің қиналысын көріп, Ізгі хабарды айтып беріпті. Сол кезде анам бірінші рет қауымға барды. Сөйтіп ақырындап бізге айта бастады. «Осы жерге барсаңдар, сендер жақсы достар табасыңдар» деп айтатын. Себебі біздің жаман адам болып өскенімізді ол қалаған жоқ. Әрине, «сол кезде біз әлі бұзылып кеттік» деп айта алмаймын. Бірақта, жаман сөздердің мағынасын білмесем де, өте көп айтатынмын. Тілім жаман болды. Боқтағанда әдемілеп, керемет терминдерді қолданып, сәнін келтіріп айтатынмын. Сөйтіп шешем қауымға шақырған соң, ағам екеуміз, «барсақ, барып көрейік» деп шештік. Содан 2-ші қыркүйек 2004 жыл бірінші рет қауымға бардық. Бізге сол күні қатты ұнады. Анамның мақсаты осылай бізді жаман жолдан сақтап қалу болды. Өйткені біз екеуміз де кәмелеттік жасқа енді толып жатқан едік. Сөйтіп 14 жасымда Исаны Құтқарушым, Тәңірім деп, жүрегіме қабылдадым. Содан міне, мәңгілік өмірге ие болып, Онымен бірге өмір сүріп жатырмын. Өмірімде көптеген өзгерістер болып жатыр. Құдай менімен «керемет жұмыс істеді» деп, айта аламын. Өйткені көп нәрсеге көз-қарасым өзгерді. Жаман әдеттер мен қылықтардан азатпын. Әкеме деген кек алу, ашу ызалар су сепкендей басылды. Қазір әкемді өте жақсы көремін, себебі осы сүйіспеншілікті Жаратқан Ие берді деп, сенемін. Сонымен қатар, үлкен кешірімді де Ол берді. Отбасымызбен оны толық кешіруге шешім шығардық. Бүгінгі күні оған деген қарсылығымыз ешқандай жоқ. Қазір қауымның мадақтау тобында гитара аспабында ойнап, қызмет етемін. Құдайға шүкір, Оның жолына түсіп гитара тартуды үйрендім. Оған дейін ешқандай аспаптарда ойнау білмейтінмін. Мадақтау тобында қызмет ету мен үшін үлкен артықшылық. Сонымен бірге жастар тобының жетекшілерінің бірімен. Кішігірім жанұя өткіземін. Осы қызметке Құдай Тағаладан ерекше шақырылу болды, деп сенемін. Құдай сіздерді өте қатты сүйеді. Ол сіздерді өзгерткісі келеді. Сонымен қатар, Өз рақымы мен Сүйіспеншілігін бергісі келеді. Тәңір сендерге жар болсын! Аумин!
Категорически запрещено в комментариях обсуждать, оскорблять, критиковать, унижать любые церкви, обсуждать личности пастырей, учителей, музыкантов, дискриминировать деноминации. ...
нарушители будут строго наказаны.
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи. [ Регистрация | Вход ]