Менің аты-жөнім Кабакова Нәзира, 1952 жылы дүниеге келгенмін. Құдайсыз өмірімді осы уақытқа дейін мен дұрыс түсінген жоқпын. Өмірімдегі ең қиын уақыттарымда, «өмірдің қандай мағынасы, мақсаты бар» деп іздейтінмін. Қиыншылықтарым өте көп болды. Бірден-бір себебі ата-анасыз жетім өстім. Өмірде әке-шешенің сүйіспенгшілігін көрген емеспін. Әрине, есейе келе тұрмыс құрдым, сонымен Алматы қаласына келдік. Әйел басыммен құрылыста, ауыр жұмыстар істедім. Сол қиын, ауыр жұмыстың салдарынан қатты суық тигізіп, жаман ауруға шалдықтым. Есімде, ең қиын шақтарымды 1993 жылдары көрдім. Өйткені осы жылы күйеуім қайтыс болып, алты баламен жесір қалдым. Сол кезде үлкен балам жетінші сынып оқитын, ал ең кіші қызым Әйгерім бір жаста болатын. Менің алдымда үлкен мәселе болды, «осы балаларды енді қалай асыраймын, бағып, өсіремін» деген. Бұрын-соңды бұндай қиыншылық көрмеген, мен осы кезде қатты уайым-қайғыға баттым. Тек қана бір ойым, «жалғыз өзім қалай, енді не істеймін?». Сол заманды өздеріңіз білесіздер, «қайта құру» заманы өте қиын кезең болды. Жұмыстардан адамдарды қысқартып, ақша болмай, уақытында айлық бермей жатты. Сонымен, менде жұмыстан қысқартылып, жұмыссыз қалдым. Бірақта адамдарға жалданып жүріп, анда-мұнда істедім. «Енді балаларыма кім қарайды, олармен үйде кім отырады?» деген сұрақтар қатты мазалады. Сөйтіп жүріп, әйтеуір кішілерімді бала-бақшаға орналастырып, ақырындап мәселемді шеше бастадым. Содан, 1996 жылы ауруым асқындап, кеселім жаныма қатты батты. Денеме соншалықты суық өтіп кеткен, тіпті белімнен төмен қарай сезбейтін болдым. Нақтырақ айтқанда, әйелдер ауруына шалдықтым. Ауырғаным соншалықты, ақыры соңында тіпті барлық денемді ірің басып кетті. Сол кезде Құдай туралы ойланып. «Ол барма немесе жоқпа?» деген сұрақтар пайда бола бастады. «Егер бар болса, неге маған соншалықты ауырпалық келіп жатыр? Не үшін мен өмірімге келдім?» Содан Құдайды іздеу үшін ойыма, «о, Құдай егер бар болсаң, маған кездесші? Мен Сені кім арқылы таба аламын?» деп сұрайтынмын. Мен сенем, Жаратушы Ие менің азабымды көрді. Сосын бір рухани сіңлім арқылы, ол менің мұңды болып жүргенімді сезіп, ол маған; «апай, сіз өте қиналып жүрген адамға ұқсайсыз, бір жеріңіз ауырып жүрген жоқ па?» деді. «Ия» деп жауап бердім. Уақыт өте оның Құдайға сенуші екенін білдім, содан оған келіп, «сен қандай Құдайға сиынып жүрсің?» деп, тіке сұрадым. Ол кідірместен, «ия, бір Құдайға сенемін, біздің кішігірім жанұямыз бар. Егер қаласаңыз сізді де алып барайын» деп жауап берді. Сонымен мен сол жерге баруға келістім. Осы жерде бірінші рет тірі Құдайдың сөзін есітіп, жаным рахатқа бөленді. Жоғалытқан нәрсемді тапқандай қатты қуандым. Олар маған, «Құдайдың сөзі ол - Иса, яғни біздің Құтқарушымыз. Барлық адамдардың күнәсі үшін, өліп қайта тірілген. Сондықтан Оған сену керек, сонда біз мәңгілік өмірге ие боламыз» деген кезде, жүрегіме Құдай Тағаланың нұры кіріп кеткендей сездім. Ерекше жүрегіме бір қуаныш келгендей болды. Сол сәтте тәубе етіп Исаны, «Құтқарушым» деп қабылдадым. Сонымен қатар, Киелі Рух жан дүниеме еніп, Ол маған жеңілдік берді. Аяғым жерге тимей, құстай болып ұшып жүрген сияқты сездім. Содан, қуанышпен балаларыма келіп, Ізгі хабармен бөлісе бастадым. Ол кезде олар жас болғандықтан, бірден түсіне қойған жоқ. Сол кезден бастап, ешқандай жиналыстарды қалдырмауға тырысам. Қауымға келіп, жігер алып, қуанып кетемін. Бұл 1997 жыл болатын, содан бастап өмірім өзгеріп, Құдайдың жарылқауын көре бастадым. Солай жігерлі өміріммен жүрген кезде, сол баяғы аурым есіме түсті. Өзіме - өзім, «ауруым қайда кеткен, мен түсінбедім» деп қайран қалдым. Жаратқан Иеге алғыс айтып, «о, Құдай рақмет, Сен менің аурымды жазып қойыпсың ғой!». Мүлдем дәрігерлерге барып, дәрі ішкен емеспін. Осындай Оның кереметіне ризамын. Кеселімнен айығып, одан кейін осылай қатты ауырған жоқпын. Бұдан да басқа Тәңіріміздің ғажаптары көп болып жатыр. Қазір көп дұға етемін, әсіресе, еліміз, жұртымыз үшін. Олардың Құдайға келіп, тәубе етуі үшін, «олардың рухани көздерін Құдай ашсын» деп, күні-түні мінажат етемін. Әртүрлі жолдармен «Сенің Ізгі хабарың тарасын» деп, мінажаттамын. Осы сиынуларымызға Құдайдың өзі жауап беріп жатыр. Содан Алматының айналысындағы ауылдарға барып Ізгі хабар тарата бастадық. Кейбір жерлерден жанұялар ашып, сонда Құдайдың кереметтері болып жатты. Кейін біз Шымкент облысына барып, сол жақтан жанұялар ашып, қауым басталды. Нақтырақ айтқанда, Шарадара қаласында менің туыстарым тұратын. Олар тәубеге келіп, сол жерден кішігірім қауым бастадық. Қазір сол қала үшін дұғадамын, және қолымнан келгенше барып, жігерлендіріп тұрамын. Менің қәзіргі қызметім, көбнесе шеттегі қала, ауылдарға барып, сүйіспеншілікпен Құдай сөзін уағыздап, елшілікпен айналысу. Өйткені Құдайдың берген дарындарын орынды қолданғым келеді. Құдайға шүкір, қазір Құдай берген он балам бар, бес келінім бар және он екі немерем бар. Олардың жалпы жартысы тәубеге келген. Мен Құдаймен бақыттымын. Мен сияқты бақытты ана бола беріңіздер. Сіздерге Тәңіріміз жар болсын. Аумин!
Категорически запрещено в комментариях обсуждать, оскорблять, критиковать, унижать любые церкви, обсуждать личности пастырей, учителей, музыкантов, дискриминировать деноминации. ...
нарушители будут строго наказаны.
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи. [ Регистрация | Вход ]