Менің аты-жөнім Шокирова Клара, Алматы қаласында тұрамын. Жасым жетпістен асып бара жатыр, зейнеткермін. Мен 1992 жылы зоб ауыруымен өте қатты ауырдым. Жүре алмай тіпті мүгедек болуға жақын қалдым. Кеселім асқындап, жаныма қатты батты. Үй басқармасында істейтін менің бір танысым бар болатын. Сол кісі маған; «біздің қауымға шет елден дәрігерлер келіп, ауырулардың кеселін тексеріп, нақты анықтап диагноз қойып жатыр» дегенді хабарлады. Содан сол жерге баруға шешім шығардым. Мені қарап, тексеріп, менде зоб бар - деп айтты. Сонымен қатар, менің арқам қатты аурытын, сонда мен олардан; «осы зоб пен арқамның ауруының байланысы бар ма»? - деп сұрадым, Олар маған: «байланыс жоқ, бірақта зоб ауруы шынымен қатты асқындап кеткен, сонымен қатар сіздің арқаңызды да емдеу керек» деді. Осыған дейін бармаған жерім қалмаған, бүкіл емшілер мен домшылардың бәрін айналып шыққанмын. Олардың ешқайсысы маған ем бермеді. Сосын осы қауымда болып жатқан Құдайдың қызметіне қатыстым. Осы жерде маған бір әйел келіп, «сіз үшін мінажат еткенімізді қалайсыз ба»? - деп сұрады. Мен ол кезде мінажат ету дегенді білмеймін, «жарайды мінажат етіңіздер» - деп келісім бердім. Мен үшін көп мінажат етілді. Сол сәттен бастап Иса туралы естіп, тәубе етіп Оны жүрегіме қабылдадым. Енді мен мәңгілік өмірге ие болдым. Құдайдың сөзі жүрегімнен орын алды. Маған; «жексенбі сайын қауымда жиналыстар өтеді, сол жиналыстарға қатысуға болады және сол шет елден келген бауырлар зейнеткерлерге арнайы қызметтер өткізеді» - деп шақырды. Сонымен әрбір жексенбі сайын сол жиналыстарға қатысып жүрдім. Шамамен бір айдан кейін осы қауымда шомылдыру рәсімі өтті. Мен осы рәсімді шын жүрегіммен қабылдап, өттім. Құдайға шүкір, бауырлар зоб ауру үшін үздіксіз мінажат етіп жүрді. Бір күні үйде қызыммен бірге шәй ішіп отырып, ол меннен; «мама сенің зобың қайда кеткен» - деді. Шыныменде ұстап қарасам, зоб жоқ, сасқанымнан; «Құдай алып тастады» - деппін. Иә, шынымен Құдай алып тастады. Содан Жаратқанға алғысымды айтып, толықтай осы аурудың қасіретінен құтылғаныма қатты қуандым. Тәңірдің құдыретіне мойынсұнып, бұрынғы ішіп жүрген дәрілерімнің бәрін лақтырып тастауға тура келді. Егерде осындай Құдайдың жасаған жағдайы болмаса, мүмкін баяғыда о дүниеге аттанып кетер ме едім - деп ойлаймын. Қалай енді Оған сенбеске, осы өмірімдегі ең үлкен аурудан азат еткенде. Содан бастап өз қыздарыма әрқашан Ізгі Хабарды айтып отырамын, міне осыдан басқа қандай куәлік керек. Осы Құдай тағаланың кереметі емес пе? Әрине, олар қәзір Құдайға сенеді, қолдарында Киелі кітаптары бар. Анда-санда қауымға барып тұрады. Өкінішке орай, толық шын жүректерімен Оған әлі бағышталмаған. Ұлым мен келінімде кейде қауымға келуге тырысады. Құдай берген үш балам бар, біреуі ұл, екеуі қыз. Сонымен қатар бес немерем бар. Міне жасым жетпістен асып бара жатыр. Осы жасыма қарамастан, қәзір Құдайға қолымнан келгенше қызмет етіп жатырмын. Үйімде дұға тобы бар, яғни кішігірім жанұя іспетті өтуде. Құдайдың қызметші ұл мен қыздары үщін әрқашан дәнекерлік мінажат етеміз. Сонымен қатар, Израил үшін. әлемдегі тыныштық үшін, жалпы Қазақстанның оянышы үшін үздіксіз дұғада тұрамыз. Әрине, бағушылар мен олардың отбасылар үшін ұмытпаймыз. Сөйтіп, біздің дұға тобымызды Құдай ақырындап өсіріп жатыр. Құдайға шүкір, бәрі үшін ризамын. Құдай сіздерді сүйеді, сіздер де Құдайға келіңіздер. Аумин!
Категорически запрещено в комментариях обсуждать, оскорблять, критиковать, унижать любые церкви, обсуждать личности пастырей, учителей, музыкантов, дискриминировать деноминации. ...
нарушители будут строго наказаны.
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи. [ Регистрация | Вход ]