Мен бүгін өз халқымды жігерлендіргім келіп тұр. Өйткені Құдай маған былай деп анық айтты «Менің халқыма жігер керек». Сондықтан мына бүгінгі сөз сіздерге арналған. Уағызымның тақырыбы өте қызық яғни бір адам туралы. Оның Көне Өсиетте ерекше аты бар немесе «жылауық пайғамбар» деп атайды. Ол адамның аты-Еремия. Өте ерекше адам болды. Сондықтан сіз мына нәрселерге көңіл аударыңыз; оның өміріне, сөзіне, ісіне. Бізге көп ұқсас жерлері бар. Ең бірінші ол Жаратушы Иеден шақырылған адам. «Еремия» деген аттың мағынасы «Тәңір шақырған немесе Тәңір майлаған» дегенді білдіреді. Киелі кітапта «бізді Құдай әуелі баста таңдап алған» делінген. Сондықтан біз осыны қабылдауымыз керек. Енді Еремия кім екен? Соны қарастырайық. Еремия кітабы 1:1 аят; «Бұнда Бүнямин руының жеріндегі Анатотдағы тұрған діни қызметкердің бірі Хелкия ұлы Еремияның пайғамбарлық сөздері берілген». Демек, діни қызметкердің баласы екенін білдік. Сондықтан оның міндеті Құдай Тағалаға қызмет ету болды. Бірақта оның шақырылуында да қызық жағдаймен кездесеміз. Еремия кітабы 1:5 аятында; «Мен сені шешіңнің құрсағында жаратпастан бұрын-ақ білген болатынмын. Сен құрсақтан шықпай тұрып-ақ Мен сені Өз қызметіме бағыштаған едім. Сені халықтарға пайғамбар болуға тағайындап белгіледім». Міне, Құдай оған әуелі баста барлық халықтар үшін пайғамбар болсын деген. Еврейлерге ғана емес, барлық халықтар үшін, сондықтан оны пайғамбар ретінде жүрегімізге қабылдау қажет. Еремияның аты аталған кезде, қазіргі Израилдегі еврейлер оны «ұлы пайғамбар» деп санайды. Өте қызық, былай қарасаңыз ешқандай кереметтер мен ғажаптар жасаған емес. Тек қана бір маңызды нәрсені істеді, яғни күнәға батқан халыққа қырық жыл бойы Құдайдың сөзін айтты. Қараңыз, қырық жыл бойы халық оны тыңдаған жоқ. Керісінше, қырық жыл бойы оны халық айыптап; былай деді «сен сатқынсың». Мен бір нәрсені жақсы білем, өйткені кейде бізге де осы сөзді айтады; «сен сатқынсың». Еремия оларға жай ғана сөзді айтқан жоқ. «Егер тәубе етпесеңдер, Жаратушы сендерді жазалайды» деген болатын. Міне, сол сөз орындалды. Тіпті Иерусалим жойылып кетті. Құдайдың ғибадатханасы да жойылды. Өйткені олар оның сөзіне құлақ аспады. Бізде Құдайдың сөзін халқымызға жеткізген кезде, тура осылай шырылдаймыз. Біз әрқашан «тәубе етіңдер, тәубеге келіңдер» деп шақырамыз. Кейде тіпті жылап айтамыз. Еремия сияқты адамдар үшін жылаймыз. Өйткені Тәңірдің жазасы өте жақын қалды. Құдай нақты айтты; «осы жер жақында жойылып кетеді» деп. Соны әрқашан ескертіп, айта беруіміз керек. Еремия сияқты халқымызға және қызметке адал болып қалайық. Бірақ, Құдай Тағала Еремияны шақырған кезде, ол бір қызық сөзді айтты; «мен әлі жаспын, кім мені тыңдайды, кім менің сөзіме көңіл аударады». Ал Құдай оған қалай жауап берді; Еремия кітабы 1:7-9 аяттар: «Бірақ Жаратқан Ие маған былай деді; әлі тым жаспын деме Мен сені кімге жіберсем солардың бәріне барып, не айт десем соның бәрін айтатын боласың. Адамдардан қорықпа, Мен саған жар болып, өзіңді аман сақтаймын. Мұны айтқан Мен Жаратқан Иеіңмін. Содан соң жартқан Ие қолын созып аузыма тигіздіде мына сенің аузыңа Сөздерімді салып беріп отырмын». Міне, мынау жарылқау бата, яғни майлану дейді, немесе қызметке шақыру. Бірақ жәй жіберген жоқ, оған күш құдіретті де берді. Еремияның кітабы 1:17-19 аяттар; «Ал енді жиналып, беліңді буып өзіңе тапсырғандарымның бәрін оларға жеткіз. Олардан қорықпа, әйтпесе мен өзіңнің алдыңда оларды қорқытамын. Біліп қой бүгін Мен сені бекіністі қала іспетті еттім. Сен темір бағанадай, қола қабырғадай берік боласың. Енді сен осы жердегілердің бәріне Яһуда елінің патшалары мен әміршілеріне, діни қызметкерлері мен халқына қаймықпай қарсы тұра аласың. Олар сенімен күреседі, сені жеңе алмайды. Өйткені Мен саған жар болып, өзіңді құтқаратын боламын, деп уәде берген Мен Жаратқан Иемін». Тура осындай уәде және майлану бізге де берілген. Сондықтан осыдан қашпаңыз. Еремиядан үлгі алыңыз. Сол арқылы Құдай бізге ескертіп, көрсетіп жатыр, яғни Оған қалай қызмет ету керек екенін. Сол заманда оны халық қудалады. Қудалағанда өте жаман қудалады. Оны ұрды, соққылады. Тіпті діни қызметкер болса да қаншама қиыншылық көрді. Еремяның кітабы 38:6 аят; «Содан олар Еремияны ұстап алып, патшазада Малқияның сақшылар ауласында орналасқан құдығына арқанмен түсіріп тастады. Құдықтың суы жоқ, түбі батпақ екен. Еремия батпаққа белшесінен батты». Қараңыз, құдыққа тастады, белшесінен батпаққа батты. Бұл ұзақ уақытқа созылды. Осылай тұрып тамақ ішті, оған осы жерге нан тастады. Көп күн осылай өмір сүрді, енді көз алдыңызға елестетіңіз. Қалай қиналды, деп ойлайсыз? Әсіресе, оның жаны қалай қиналды? Себебі ол халқына аянышпен жылап, Жаратушы Иенің Сөзін айтқысы келді. Бірақ Құдайдың халқы оған қалай жауап берді? Оның жылағаны сіздерге енді түсінікті шығар. Еремияның тағы бір кітабы бар. Оны «Еремияның жоқтау» деп атайды. Қазір біз оның жан дүниесінде не болғанын байқап көрейік. Әсіресе құдықта отырған кезде, жүрегінде қандай сезім болды? Үшінші тарауға көңіл аударайық. Еремияның жоқтауы кітабы 3:1-14 аяттар: Иемнің қаһарынан таяқ жеген адаммын мен, Ол айдап жүргізді мені жарық емес, түнекпен. Күнде Ол маған қарсы қолын жұмсай береді, Ет пен терімді шірітіп, сындырды сүйектерімді, Зор азап, ауырпалықпен мені қоршап алды, Ежелде өлгендердей түнекте отырғызды. Шықпастай қоршап, Ол мені қоламен шынжырлады. Қатты шақырсам да, дұғама құлақ салмады. Жолымды Ол ирелеңдетіп қисық қылды, Қашалған қойтастар қойғандай бөгет салды. Ием мен үшін аңдып жатқан аюдай, Әрі жасырынып жатқан арыстандай, Ол мені жолдан сүйреп, талап тастады, Мүлдем дәрменсіз қылып оңаша қалдырды. Жартқан мергендей садағын тарта берді, Жебелері үшін нысана етті мені, Осылайша Ол бүйректеріме менің Атқылады қорамсағының жебелерін. Мен бүкіл халқымның күлкісіне айналдым, Олар мазақтап мені ән салады күн сайын. Түсіндіңізбе? Ал біз осылай айтамыз ба? Егер туыстармыздан жаман, қарсы сөздер естігенде, қаншама рет Құдайға күңкілдеп жүгіріп келдік. Сонда біз Оған; «Сен маған қарсы тұрсың, сондықтан мен осындай азап шегіп жатырмын» деп. Адамдардың табиғаты осындай. Бірақ, қараңыз, таңдалған адам екі нәрсені есінде сақтау керек. Бірінші рух, ал екінші жаны. Ол Құдай жолында жүріп, өз жанында нені сақтады. Еремияның жоқтауы кітабы 3:18-20 аяттар; Былай дедім: ғайып болды менің бар күшім, Жартқан Иеге артқан бүкіл үмітім. Мүшкіл халім мен мүсәпір жағдайымды Еске алсам, күйініш толтырады жанымды. Олар жадымда берік сақталып қалады. Содан жаным түңіліп, қатты қайғырады. Оның жаны қиналды, тура осы нәрсе бізде болады. Бірақ рухымызда тағы бір нәрсе бар, оны есте сақтау дейді. Еремия рухында не айтты: Еремияның жоқтауы 3:21-45 аяттар; Оқып алыңыз! Мына сөзді құдықта отырған адам айтып жатыр, көз алдыңызға елестетіңіз. Қандай жағдайда болса да, қандай қиыншылық болса да Тәңір Иені ұмытқан жоқ. Бізге осыдан үйрену керек, сондықтан Еремияны «үміттің пайғамбар» деп те атайды. Әрқашан да үмітіміз бар. Біз тірі тұрғанда, үмітіміз әрқашан болады. Еремияға берген уәде сияқты, Құдай бізге де «сенімен әрқашан бірге боламын» дейді. «Мен сені құтқарамын, сен жеңімпазсың» деген. Біз бәрін жеңе аламыз. Барлық қиыншылықтан өтуге күшіміз бар. Өте төзімді, шыдамды болу керек. Ешқашан үмітімізді үзбеуге тырысайық. Еремия сияқты халқымызға қызмет етуден жалықпайық. Ешқандай кереметтер көрсетпесекте, қолымыздан түк келмесе де қызметтен қашпайық. Аяғына дейін адал болып қалу керек, сонда Тәңір Ие бізді көтереді. Ешқашан адамдар бізді көтермейді, оларға үміттенудің қажеті жоқ. Киелі кітап адамдардың өз жағдайы және табиғаты туралы не айтады? Еремияның кітабы 17:5 аят; «Жаратқан Ие мынаны айтады: Адамға сенім артып өмір өткінші пендені қорған санайтын әрі жүрегін Жаратқан Иесі Меннен алшақтап әкеткен әркімді қарғыс атсын». Бәрімізге түсінікті сияқты. Сондықтан адамға үміт артпау керек. Адамның жүрегі неге солай? Еремияның кітабы 17: 9 аят; «Адамның жүрегі бәрінен бетер алдамшы, әрі жазылмайтындай бүлінген, оны танып біле алатын кім бар?» Адамның жүрегі әрқашанда алдайды. Осыны естен шығармайық. Ал, біздің үмітіміз қайда? Еремияның кітабы 17:12 аят; «Киелі үйіміздің орны әуелі бастан асқақталғанда салтанатты патшалығындағы Тақ». Құдайдың Тағына келу керек. Оған жақындау маңызды, сондықтан біз әрқашан қауымға жиналып жүрміз. Сол арқылы Құдай бізді тазартып жатыр. Ол бізді ақтап алды. Өйткені бізге үкім шығып қойды, себебі Ол былай деген: «Мыналар ақталған адамдар». Бірақ жүрегіміз бұзылған. Сөйтіп, Жаратушы бізді күнделікті Өзінің мөлдір суымен немесе Өз сөзімен жүрегімізді тазартып отырады. Өйткені Оның бізде үміті, қалауы және бізге берген тапсырмасы бар. Ол қандай тапсырма? Әрбір адамға әртүрлі тапсырма берілген. Енді қараңыз, Еремияға қандай тапсырма берілген еді? Нені айтқызуға жіберген болатын? Әрине, бірінші Иса Мәсіх туралы. Оның Мәсіх туралы айтқан пайғамбарлық сөзі өте керемет. Басқа пайғамбарларға қарағанда, мүлдем ерекше. Еремияның кітабы 23:5-6 аяттар; «Жаратқан Ие тағы мынаны айтады: алдағы уақытта Мен Дәуіттің әулетінен бір Әділ өскінді өсіріп шығаратын кез келеді. Ол патшалық құрып, Даналықпен әрекет етіп, жерге әділет пен шындық орнататын болады. Сол кезде Яһуда құтқарлып солтүстік Исраилде аман есен өмір сүретін болады. Патша әділдгіміздің қайнары Жаратқан Ие деп аталатын болады». Бізді ақтайтын, біздің Иеміз. Тағыда қосымша бір ұлы тапсырма берілген, бұл өте маңызды сөз. Осы сөзді кейін Құдай Еремияның ұлылығына айналдырып жіберді. Еремияның кітабы 25:11 аят; «Бүкіл ел қорқынышты құлазыған айдалаға айналады, ал осы ұлттар Бабыл патшалығына жетпіс жыл бойы басыбайы қызмет ететін болады». Осы жерде анық айтылған. Бүкіл ел құриды және жетпіс жыл бойы құл болады. Осы сөз дәл орындалды. Сондықтан еврейлер осы сөзге сүйеніп, «Көне Өсиеттегі ең ұлы пайғамбар ол-Еремия» деп санайды. Еремияның ұлылығы қайда жатыр?. Ол әрқашан халыққа мынандай деп үміт берді; «сендер жетпіс жыл өткен соң, өз жерлеріңе қайтасыңдар, сол кезде сендерге Мәсіх қайтып келеді». Енді біздің уағызымыздың мәні неде? Әрине, осы дүние құриды. Құдай әлемді өртеп жібереді. Бірақ Ол жаңа жерді жаратады. Аспандағы Иерусалим жаңа жерге келеді. Біз Исамен бірге жерге қайтып келеміз. Өте керемет, тамаша өмір сүреміз. Осында үлкен үміт, жігер мен қуаныш бар. Адамдарға көрінетін күшіміз жоқ болса да, бірақ бізде бір құдірет бар. Ол Жаратушы Ие берген, болашаққа деген үміт және сенім. Сондықтан осы әлемге мұны жариялайық. Екі маңызды нәрсе: «бірінші халқым тәубе ете гөр, әлі уақыт бар». Ал екінші, үмітті беретін Иса келе жатыр. Сөзсіз Иса екінші рет келеді, және осы жерді соттайды. Сонымен қатар, біз Оның қасында мәңгі бірге боламыз.. Қиыншылық болған кездегі, бұл-үміт. Еремия, ол жылауық пайғамбар, не себептен жылауық болды? Әлсіздіктен ба? Жоқ. Өйткені өз халқын сүйді. Ол келешекте не болатынын көрді. Сондықтан жүрегі жылады. Біздің де жүрегіміз халқымыз үшін солай жылауға тиіс. Осы дүниеде жүрген күнаһарлар үшін жылауға мәжбүрміз. Жылап сұрайық, жанымыз олар үшін жыласын. Бірақта Еремия пайғамбар қиналғанда Құдайға телефон шалатын сандар қалдырды. Оның саны, Еремия кітабы 33:3 аят: «Маған сиынып мінажат ет, Мен саған жауап беремін. Сен білмейтін Ұлы да, құпия жайттарды білдіремін». Қиыншылық болған кезде Құдайды шақырайық. Оған телефон шал. Міндетті түрде жауап береді. Оның Ұлы құдіретін көреміз. Сіз көрмеген және білмеген нәрсені көресіз. Мен осыны сезіп тұрмын, сондықтан жылап сіздерге айтамын. Бүгін Құдайды мадақтаған кезде Киелі Рух жылатқызды, өйткені Ол бәрімізді өте жақсы көреді. Сыртта жүрген күнаһарларды да қатты сүйеді. Оның жүрегі өте кең. Біз бақытты халықпыз, бізді бір жолата құтқарды. Ал басқа адамдар ше? Оларға жанымыз ашымайды ма? Оларды да Құдай жаратты ғой! Ешқашан үмітімізді үзбейік, қиналған кезде дәл сол сәтте Құдайға кел. Ол сіздің жүрегіңізге сөйлей бастайды. Еремия қиналған кезде, дәл сол сәтте жүрегіне сөйледі. Ал сол Тірі Құдай бізге де сөйлемей ме? Әрине, ия. Аумин!
Категорически запрещено в комментариях обсуждать, оскорблять, критиковать, унижать любые церкви, обсуждать личности пастырей, учителей, музыкантов, дискриминировать деноминации. ...
нарушители будут строго наказаны.
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи. [ Регистрация | Вход ]