Среда, 02.07.2025, 23:35 Наш e-mail: ortalyk@inbox.ru
Главная Регистрация Вход
Приветствую Вас, Неверующий · RSS
Меню сайта
BIBLEVERS
Категории каталога
Проповедь [22]
Форма входа
Поиск
Друзья сайта
    wwjd.ru: Христианская поисковая система. Христианское видео музыка фонограммы проповеди MP3 Для ТЕБЯ
Наш баннер:

Код баннера:

Наш Flash баннер:

Код flash баннера:
Ақиқат қауымы
Наш опрос
Как вам наша группа прославления?
Всего ответов: 142
Статистика
Наша посещаемость:
счетчик посетителей сайта
Онлайн всего: 1
Неверующих: 1
Верующих: 0
 Проповедь
Главная » Статьи » Проповедь [ Добавить статью ]

Тақырыбы; «Шындық және Шынайы Үлгі»
Мен сіздерге бір сұрақ қойғым келеді. Жалпы, сіздер Құдайға қаншалықты ризашылық білдіресіздер? Мүмкін күнде, немесе аптасына бір рет, «егер күнде ризашылық білдіретін болсаңыздар, қолдарыңызды көтеріңіздер». Құдайға шүкір, 99 пайызы қауымның күнде рақмет айтады екен. Шыныменде, Жаратушы Иеге ризашылықпен өмір сүру керекпіз. Барлық жағдай үшін риза болу керек, қиыншылықта да, қуанышта да. Тіпті, үлкен сынақтар келседе. Басымызға ауыр азап пен ауырпалық төніп тұрса да. Менің айтқым келіп тұрғаным, өте маңызды бір нәрсе үшін ризашылық білдіруімізді ұмытпайық. Бұл, Оның бізге ең маңызды құпия шындығын ашып бергені үшін. Өкінішке орай, осы шындық қаншама адамдарға ашылмай жатыр. Миллиондаған адамдарға жабық, тіпті кейде оларға қанша рет айтсақта, оған түсіне алмайды. Шындық жабық. Неге? Мен білмеймін.
Біздің білетініміз, Киелі кітап айтады, «осы дүниенің «патшасы», яғни «құдайы» шайтан адамдардың рухани құлақтары мен көздерін жауып тастаған», дейді. Ал бірақта, Құдайдың рақымдылығымен, осы құпия шындық бізге ашылды. Осы үшін Жаратқанға ризашылық айтып көрдіңіз бе? Шынымды айтсам, осы ашылған шындық үшін қатты ризамын. Кейде жүрегім бір түрлі болып, Құдай Тағаланы осы үшін жан - дүниеммен мадақтап кеткім келеді. Шын мәнінде, мен кіммін? Соншалықты Өз құпиясын ашып беретіндей. Не үшін маған ашылдың? Мен Сенің алдыңда Саған ылайықты ешнәрсе істеген емеспін? Саған ұнайтындай мінез құлқым да жоқ? деген сұрақтар ойыма келеді.
Сондықтан бүгінгі уағызымның тақырыбы осыған сәйкес болады. Ашылған шындық үшін ризашылық айтайық, содан кейін ең басты шынайы Үлгі болған Исадан үйренейік. Иса Мәсіх айтады; «Меннен үйреніңдер», және елші Пауылда бірнеше рет айтқан; «мен қалай Тәңірімізден үлгі алсам, сендерде меннен үлгі алыңдар», деп. Үлгінің негізі Тәңіріміз Иса. Тақырыбтың аты, «шындық және шынайы Үлгі». Мен «Үлгі» деген сөзді, әдейі үлкен әріппен жаздым, өйткені осы жердегі «Үлгі» деген сөз, адамға емес, Иемізге тән сөз. Сонымен қатар, Құдай Әкеміз шындықты ашып берді, және Өзі бізге Үлгі болды.
Енді Киелі кітаптан осы үзіндіні оқып шығайық;
Матай жазған Ізгі хабар 11:25-30 аяттар.
Сол кезде Иса көктегi Әкесiне сиынып: «Көк пен жердiң Иесi — Әке! Осы жайларды данышпандар мен бiлгiштерден жасырып қалып, оларды бiлiмсiздерге ашып көрсеткенiң үшiн Сенi дәрiптеймiн. Иә, Әке, Саған осылай болғаны ұнап тұр», — деп мақтау айтты. Содан кейiн Иса тағы былай дедi: «Маған бәрiн де Әкем сенiп тапсырған. Рухани Ұлының шынымен кiм екенiн Әкесiнен өзге ешкiм де бiлмейдi. Әкенiң кiм екенiн де Оның жалғыз рухани Ұлы — Мен ғана бiлемiн. Әкемдi кiмдерге бiлдiргiм келсе, солар да Оны жақыннан таниды.
Қиналып қатты шаршап-шалдыққандар, Еңселерiн тым ауыр жүк басқандар, Менiң қасыма келiңдер, барлығың, Жандарыңды Мен рақатқа бөлеймiн! Бiрге жүрiп, үйренiңдер өзiмнен, Жуас, кiшi пейiлмiн шын жүректен, Тыныштық табады сонда жандарың. Себебi ыңғайлы — билiгiм Менiң, Әрi жеңiл — жүктейтiн мiндеттерiм».
Естеріңізде ме? Бір кездері «мен осы аяттар арқылы Құдайға келгенмін», деп айтқам болатынмын. Әсіресе, 28-ші аят маған өте қатты ұнайды, және жақсы көремін. Менің жүрегіме осы сөздер өте жақын, өйткені Жаратушы Ие осы аяттар арқылы маған ашылған, сонымен қатар, қатты жігерленгенмін.
Осы үзіндіден екі маңызды нәрсені қарап шығайық. Бірінші «Шындық», ал екінші «Шынайы Үлгі». Иса Мәсіх Әкеге сиыну үстінде. Біздің білуімше осыған дейінгі оқиғада Тәңіріміз халыққа және шәкірттеріне тәлім беріп, Құдайдың шындық құпиясын ашып берген болатын. Бірақ кейбіреулерге шындық ашылды, ал жалпы халыққа ол жабық болды. Оның халық үшін жаны ашыды. Сондықтан қаншалықты ризашылық білдіріп жүрміз. Күнделікті күйгелең тіршілікпен, мәселелерден ұмытып жүрген жоқпыз ба? Ойланып көріңіз! Шынын айту керек, бәріміздің басымызда мәселе бар. Мәселесі жоқ жанды кездестіру кемде-кем. Кейде мынандай жағдайлар болады; мысалы бір бауырымызға бағушы ретінде мұқтаждығын тыңдап, ақыл кеңес берген кезде, «ия, мен сізді түсінемін, өйткені менің де басымда осындай мәселе бар» десек. Ол; «қалай, бағушыларда да мәселе болады ма?» деп сұрақ қояды. Басқалардың түсінігінше «бағушы мен жетекшілерде мұқтаждық болмайды», деп ойлайды. Менің айтпағым, «жоқ, керісінше, бағушыларда көп болмаса, аз емес», өйткені олар өз отбасының және қауымның қамын ойлайды. Ал, жалпы сенушілер, көбінше өз қамын ойлауда. Сондықтанда «бағушыларда екі есе көбірек» - дер едім. Бірақта, меніңше барлығымыз қауым үшін жанымыз ашып, оны қамқорлауымыз керек.
Енді шындыққа тоқталайық; осы жерде сұрақ туады; Біздің Құдаймыз кім? Яғни, біздің Құдай; «көзге көрінетіннің де, көзге көрінбейтіннің де Жаратушысы»! Демек, көктің де, жердің де Иесі! Аумин! Ол Ұлы, Ғажап, Керемет, Мейірімді, және «құдайлардың» Құдайы. Оның қасиеттері өте көп, Оған біздің тіпті, суреттеуге сөзімізде кейде жетпей қалады. Оның Құдіретігінде шек жоқ. Ешбір адамды Құдайға теңей алмаймыз. Құтқарушымызда осылай сиынып жатыр. Қызық нәрсені оқимыз; «данышпандар мен білгіштерден осы құпия шындықты жасырып қалдың, ал білімсіздерге ашып бердің», делінген. Қызық, кім «өзін білгішпін және данамын» дегендерге, Ол шындықты ашпай отыр. Ал бірақ, кім «өзін білімсізбін, рухани жарлымын, түк тұрмаймын», дегендерге, ашылды. Осы үшін Иса Әкені дәріптеп жатыр.
Сұрақ туады; «Неге білімділерден Ол жасырып қалды?». Өйткені осы дүниелік данышпандар Құдайдың даналығын ақымақтық деп санайды. Бірінші Қорынттықтарға арналған хаттың 2:14 аят.
«Өз еркiмен жүретiн адам Құдай Рухынан келгендi қабылдамайды, соны түсiне алмай, ақымақтық деп санайды. Себебi оны Киелi Рухтың тұрғысынан бағалау керек».
Яғни, өз біліміне сүйенген, ал Құдайдікін қабылдамайтын адам, Жаратушының көз қарасымен нағыз ақымақ адам болып көрінеді. Сондықтан Құдайдың шындығы ашылмайды. Біз Ізгі хабарды таратқанда, осындай адамдармен өте көп кездесеміз. Олар; «сенің не айтып отырғаныңды мен жақсы білемін, оның бәрін әлдеқашан оқып, есітіп, біліп қойғанмын. Сенің Киелі кітабыңды бірнеше рет қайталап оқығанмын» деген сияқты сөздермен өздерін білімпаз санайды. Әрине, білетіні жақсы-ақ, бірақ өкінішке орай, шындық жабық, Құдайдың көз-қарасымен «сіз ақымақсыз». Себебі, негізгі керек нәтиже жоқ. Тағыда бірінші Қорынттықтарға арналған хаттың 1:21 аят.
«Адамзаттың тiптi ең кемеңгер деген ой-санасымен де Құдайды ешқашан тани алмайтындығын Ол алдын ала өз даналығымен бiлдi. Сондықтан Құдай осы дүние ақымақтық деп есептейтiн уағызымыз арқылы соған сенетiндердi құтқаруды лайық көрдi».
Құдай сөзі анық айтады; «ең кемеңгер деген адамның өзі Құдайдың құпия сырын біле алмайды». Сондықтанда сенушілер, яғни біз өз білімізге емес, Оның даналығына мойынсұнғандықтан, Ол ашылып, қазір осы жерге келіп, Оны мадақтап отырмыз. Өкінішке орай, айналамызда қаншама халық бар, Құдайдың шындығы ашылмаған. Солар үшін мінажатта тұруымыз керек.
Енді қарама-қарсы нәрсені байқаймыз. «Білімділерге» жабық, ал «білімсіздерге» бәрі ашық. Осы жерде «білімсіздер» деген сөздің тұп нұсқауда «кішкентай бала сияқтыларға» дегенді білдіреді. Кішкентай балалар көп нәрсені біле бермейді. Яғни, кім өзін «кішкентай бала сияқты, көп біле бермеймін» дегендерге Құдай Тағаланың шындығы ашық. Демек, бала сияқты Оған сенеді, сенгенде шартсыз сенеді. Оған ешқашан шарт қоймайды, «Сен маған бірінші бер, сосын мен сенетін боламын» деп. Біз өз балаларымызды кішкентай кезінен білеміз, «олар ата-аналарын шартсыз сүймейді ме?» Сонымен қатар кішіпейіл, тілалғыш, үйренгісі келіп тұрады. Әрқашан кез келген нәрсені білгісі келеді. Қолынан келмеген заттарға ұмтылып, көргенін қайталығыш болады. Мен кішкентай қызыма әңгіме айтып беріп, «енді сен менің айтқанымды қайталашы» десем, мүлдем бұлжытпай қайталап береді. Міне, көрдіңіз бе, ол өте мұқият, зейін қойып тыңдайды. Ешқашан көңілі басқа жаққа аумай, тыңдайды. Балалар анасының ақ сүтіне құштар келеді. Сондықтанда Құдайдың қалауы, біз Құдай Әкенің рухани кішкентай баласы іспетті болып жүргенімізді ұнатады. Құдайдың сөзіне толық мойынсұнып, кішіпейіл, болғандарға, міне осыларға ашылады.
Сонымен, Құдай сөзі әрқашан «біздің өміріміз Мәсіхте болу керек» деп ескертіп отырады. «Мәсіхпен емес», нақты «Мәсіхте», яғни, байқасаңыздар осы сөздерде айырмашылық бар. «Мәсіхте» деген, ол Исаның ішінде дегенді білдіреді, ал «Мәсіхпен» деген, Исаның қасында жүру дегенді айтады. Қайсысы жақсы, деп ойлайсыз? Әрине, «Мәсіхте». Мәсіхте жүрген адам, әрқашан рухани өседі. Ал Мәсіхпен жүрсеңіз, сіздің қасыңызда тағы басқа біреу болу мүмкін. Сол біреу кедергі болып тұрады. Шын мәнінде Құдай бізге риза, өйткені біз кішкентай бала сияқты, Оның шындығын шартсыз қабылдадық. 26-шы аятта Иса дұға еткенде, «Әке, Саған осы ұнап тұр», деп мадақ айтып жатыр. Сондықтанда біздің Мәсіхші болғанымыз, Оған ұнайды және Ол тән риза. Жаратушы Иенің ізгі ниеті, еркі осы.
Енді қараңыздар, «Маған бәрiн де Әкем сенiп тапсырған. Рухани Ұлының шынымен кiм екенiн Әкесiнен өзге ешкiм де бiлмейдi. Әкенiң кiм екенiн де Оның жалғыз рухани Ұлы — Мен ғана бiлемiн. Әкемдi кiмдерге бiлдiргiм келсе, солар да Оны жақыннан таниды» - делінген. Барлық құпия сыр, шындық Исаға тапсырылған. Біз білеміз, Жохан жазған Ізгі хабардың 1:17 аятта.
«Құдай ата-бабаларымызға Таурат заңын Мұса пайғамбар арқылы бердi, ал рақым мен шындық бiзге Иса Мәсiх арқылы жеттi». Міне, заң Мұса арқылы келсе, шындық пен рақымдылық Иса арқылы келді. Сондықтанда Құдайдың шындығын басқа жақтан іздеп жүрген адамдарға, Оның шындығы ашылады ма? Әрине, «жоқ, таба алмайды». Өкінішке орай, біздің қаншама қандастарымыз, туыстарымыз, достарымыз осы шындықты аңсап, армандауда. Олар үшін көп дұға етіп, ораза үстау керек. Халықымыз үшін жанымыз ашып, тіпті жылап, Жаратқаннан өтінуіміз қажет. Естеріңіде болса, Еремия пайғамбар сияқты. Қалай ол өз халқы үшін жылап мінажат етті.
Қазір бізге Исаның қалай шынайы Үлгі болатыны және Оған келіп, Одан үйрену керек екеніміз туралы қарап шығайық. 28-ші аят;
«Қиналып қатты шаршап-шалдыққандар, Еңселерiн тым ауыр жүк басқандар, Менiң қасыма келiңдер, барлығың, Жандарыңды Мен рақатқа бөлеймiн!».
Осы сөздер әркімге жұбаныш пен тыныштық береді деп ойлаймын. Шынында шаршап-шалдықпай, еңселерін ауыр жүк баспаған адам дүниеде мүлдем жоқ. Әрбір жанның өзіне тән ауырпалығы бар. Біз қандай жағдайда болсақ та, тіпті бай, немесе кедей болайық. Әркімнің өз жүгі өзіне ауыр. Ешбір адам өз қиыншылықтарын ақшамен немесе басқа да нәрселермен жеңілдете алмайды. Егерде бір мәселіңізді шешеңіз, артынан екінші мұқтаждық дайын тұрады. Сондықтан, барлық адамзат шаршап-шалдығып, еңселерін ауыр жүк басып жүр. Әрине, ең бірінші «күнәнің ауыр жүгі» және «күнделікті тіршіліктің» жүгі бар. Қазір біз күнәнің салдарын қарап шығайық; Адам ата мен Хауа ана Эдем бағында болғанда, ешқандай қиыншылық, күнделікті тіршілік, мәселелер мен ауырпалықтың ауыр жүгін көрген емес. Олардың өмірі рақатқа кенелген, тыныштықтағы және қуаныштағы өмір болды. Ешқашан көз жасын көрмеді, жылау-сықтау болған жоқ. Ал енді күнәдан кейін адамзатқа осы ауырпалықтың бәрі келді, жерді қарғыс атты. Жерге тәни де, рухани де өлім келді. Ең ауыр жүк, Жартушыдан ажырау болды. Сөйтіп, Құдаймен байланыс үзілді. Осыдан кейін ешкім «менде ауыртпалық жоқ» деп, ақтала алмайды. Римдіктерге арналған хаттың 5:7 аятта.
«Күнә жасаған бiр кiсi — Адам ата арқылы өлiм бүкiл адамзатқа билiк жүргiзiп келедi. Сол сияқты, Құдайдың шексiз рақымы мен әдiлдiктiң тегiн сыйын қабылдағандар бiр Кiсiнiң — Иса Мәсiхтiң арқасында өмiрде билiк құрады».
Демек, Адам ата арқылы өлім келді, ал Иса Мәсіх арқылы шындық пен рақымдылық келді. Сондықтан да бір ғана жол, ол Исаға келу керек. Осы жүктен арылу үшін Ол бізді шақырып тұр; «Маған келіңдер! Мен сендердің жандарыңды рақатқа бөлеймін!» деп. Исаға келу деген не?
Әрине, Оған сену және толық сенім арту. Оның сөздеріне мойынсұну және оны бұлжытпай іс-жүзінде орындау. Ал, егер Құдайға сенем, деп тұрып, Оның сөзіне құлақ аспасақ, сіз Оған жақындай алмайсыз. Исаға рухымызбен жақындайық. Сол сәтте Тәңіріміз бізді құшағына жайып қарсы алады. Сөйтіп, жүрегімізге жұбаныш лебін береді. Сіздерге өте таныс Исаның айтқан «адасқан ұл» туралы әңгімесі. Лұқа жазған Ізгі хабардың 15-ші тарауында. Кіші ұлы әкенің қол астынан өз еркімен кетіп, ақыры соңында күнәға батып, шаршап-шалдығып, кейін ойлана бастайды. «Әкемнің құлдары оның жанында нанға тойып, рақат өмір сүріп жатыр, ал мен болсам шошқамен бірге, олардың азығына зәру болып жүрмін. Қой, тұрып, үйге барайын, әкемненде, Құдайданда кешірім сұрайын», деді. Ал, әкесі баласын қарсы алып, құшағына басып, оның келгеніне қуанып, бордақылаған өгізшені сойып, той жасады. Міне, Құдай Әкеде бізді солай қарсы алады, егер Оған келсек.
Адам өз мәселесін өзі ешқашан шеше алмайды. Егер Құдайға бермесе, және Оған бүкіл ауырпалығын жүтемесе. Негізі адам өз табиғатымен өз жүгін өзі әртүрлі жолдармен азайтқысы келіп тұрады. Мысалыға; ақшаның күшімен, байлықтың арқасында, жақсы тамақтар жеп, арақтың әсерімен және темекінің ләзатымен шешкісі келеді. Өкінішке орай, онысымен мәселе шешілмейді, керісінше көбеймесе. Екклесиаст кітабы 5:10 аяты.
«Дүние молыққан сайын, оны тұтынушының саны да арта түседі, сонда көріп қуанғаннан басқа не пайда».
Исаға келейік, Ол біздің жанымызды рақатқа бөлейді. Одан үлгі алайық, Ол шынайы Үлгі. Өйткені Ол жуас кішіпейіл, момын. Адам табиғаты өркөкіректікке бейімделген. Әрқашан өзінікін іздейді. Менмендікке итеріп тұрады. Сондықтанда адам баласы Құдайға мойынсұнып, бас иуідің орнына, өзінікін армандайды. Бірінші Патшалық кітабы, 15:22 аяты.
«Құрбан шалудан гөрі мойынсұнушылық артық және қой майынан гөрі тілалғыштық артық».
Барлық құрбандықтарымыздан гөрі, Тәңірге бағышталуымыз қымбат. Исамен барлығы жеңіл. Құдай бізді ешқашан тастамайды, Ол бізге әрқашан қолдау бола алады, егер де біз Оны тастап кетпесек. Біз көтере алатындай ауырпалық жібереді. Күшімізден асып-тасыған жүк бермейді. Сонымен қатар, Өзі бізбен бірге көтеріседі. Аумин! Толық мойынсұнушылық болсын. Өмірімздің әртүрлі саласында, әсіресе; жексенбілік жиынға, жан ұяларға, ондыққа қатысты, қызметке деген, Киелі кітапқа байланысты және Ізгі хабарды тартуда. Барлық мәселелерімізді Оған тапсырайық; Петірдің бірінші хаты 5:7 аяты.
«Барлық уайымдарыңды Құдайға сенiп тапсырыңдар, себебi Ол қамдарыңды ойлайды».
Қымбатты бауырластар! Исаның Сөзі шындық, ол бізге құпия сырды ашып берді, сол үшін Оған рақмет. Сонымен қатар Ол бізге шынайы Үлгі. Осыдан басқа бізге не керек? Меніңше қалғандары Құдаймен жеңіл болады. Осы өмір өткінші, көзді ашып-жұмғанша тез өтеді. Сол кезде Жаратушы Иемен мәңгі бірге боламыз. Оның қасында ешқашан қиындық көрмейміз. Тәңіріміз сізге жар болсын! Аумин!
Құрметпен, бағушы Нұрлан Қанатбаев.
Категория: Проповедь | Добавил: ortalyk (25.10.2008) | Автор: Нұрлан Қанатбаев
Просмотров: 822 | Рейтинг: 0.0/0 |

Категорически запрещено в комментариях обсуждать, оскорблять, критиковать, унижать любые церкви, обсуждать личности пастырей, учителей, музыкантов, дискриминировать деноминации. ... нарушители будут строго наказаны.

Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Хостинг от uCoz © 2025 All rights reserved. Ardak Kanatbayev
Rambler's Top100