На Ваши вопросы отвечают служители христианских церквей.
Щелкните по вопросу-ссылке, чтобы увидеть развернутый ответ.
Искать Вопросы!
Вопрос:
осы, Акыр заман кашан болады?
Ответ: Бауырым Ахмет, қойып отырған сұрағың өте орынды. Өйткені халқымыз «ақыр заман болады» деп шулап жатады. Бұл өз орнында, бірақ «заманның ақыры ертең болады, бүрісі күні немесе 5 жылдан кейін болады» деп ешкім анық айта алмайды. Киелі кітапқа сүйенсек, заман ақырын «Құдай Тағаладан басқа ешкім білмейді» делінген. Дей тұра бірақ Киелі жазба бізге заманның ақырының болатыны туралы алдын ала төмендегі белгілерден білесіңдер деген. Сондықтан егер төмендегі осы сөздерді зейін қойып оқысаңыз, заманның ақыры қашан болатыны туралы толық мәлімет ала аласың.
Жалпы ақыр заман туралы білмейтін адам жоқ. Ол Құдайға сенбеуші болсын немесе сенуші, тіпті әртүрлі діндердің өкілдері болсын, бәрімізге бұл аян. Бәрінің ойы «әйтеуір заманның ақыры бар» деген түсінік. Сұрақ, бұл қашан болады? Мәселе осыда. Қызық жағдай, Киелі кітапта Иса Мәсіхтің шәкірттері Онымен бірге жүрді. Иса өліп, үшінші күні қайта тірілгенен кейін шәкірттеріне қайта келді. 40 күн олардың арасында жүріп, содан кейін көкке көтеріліп кетті. Көкке көтерілер алдында, «қалай көтеріліп кетсем, тура солай екінші рет қайта келемін» деді. Шәкірттерінің түсінігінше, «Иса тез арада қайтып келеді, сөйтіп олардың арасында патшалық етеді» деп ойлады. Сондықтан олар «сол заманда заманның ақыры болады» деп күтті. Бірақ одан бері 2000-дай жыл өтті, әлі заманның ақыры болған жоқ. Алайда болу керек, өйткені Иса уәде еткен. Меніңше біз сол заман ақырының соңғы ұрпақтары іспеттібіз. Егер біз болмасақ, біздің балаларымыз болуы әбден мүмкін.
Соңғы замандарда өмір сүріп жатқанымызға күмәніміз жоқ. Қазір Киелі жазбадағы Матай жазған Ізгі хабардың 24:1-14 аяттарды оқиық: «Иса ғибадатханадан шығып кетiп бара жатқанда, шәкiрттерi қасына келiп, ғибадатхананың сәулеттi ғимараттарын нұсқап көрсеттi. Бiрақ Иса: — Мынаның бәрiн көрiп тұрсыңдар ғой? Сендерге шындығын айтайын: бұлардың қаланған бiрде-бiр тасы қалмай бәрiнiң де күл-талқаны шығатын болады! — деп жауап қайтарды.
Кейiнiрек Иса Зәйтүн тауының басында отырғанда шәкiрттерi оңашада қасына келiп: — Бiзге айтыңызшы, бұл қашан болады? Сiздiң қайта келуiңiз бен ақыр заманның жақындап қалғанын қандай белгi бiлдiрмек? — деп сұрады. Иса былай деп жауап бердi: — Сақ болыңдар, ешкiм сендердi алдап, терiс жолға түсiрмесiн! Себебi көп адамдар Менiң атымды жамылып келiп: «Құтқарушы Мәсiх Менмiн!» деп, көпшiлiктi алдап азғыратын болады. Жақын маңдағы шайқастар мен алысырақтағы соғыс жаңалықтары туралы еститiн боласыңдар. Сонда абайлаңдар, зәрелерiң ұшпасын. Олар болуға тиiстi, бiрақ заманның ақыры бұл емес. Себебi ұлт ұлтқа қарсы, мемлекет мемлекетке қарсы аттанып, түрлi жерлерде ашаршылық (пен iндеттер) және жер сiлкiнiстер болады. Бұлардың бәрi жаңа дәуiр туар алдындағы толғақтың бастапқы азабы iспеттi. Сол кезде жұрт сендердi азаптап, өлтiру үшiн ұстап бередi. Менiң атымды мойындағандарыңа бола барлық ұлттар сендердi жек көретiн болады. Сонда көбi сенiмдерiнен танып, өзара опасыздық жасап, бiр-бiрiн жек көредi. Талай жалған пайғамбарлар халық алдына шығып, көптеген адамдарды алдап, азғыратын болады. Әдiлетсiздiк тым көбейiп кеткендiктен көпшiлiктiң сүйiспеншiлiгi суып кетедi. Ал ақырына дейiн табандылық көрсеткен әркiм құтқарылады. Құдай Патшалығы туралы осы Iзгi хабар барлық ұлттарға паш етiлу үшiн күллi әлемге уағыздалатын болады. Содан кейiн бұл заманның ақыры келедi». Ия, шынымен де қорқынышты аяттар, бірақта осы жәйттер болуға тиіс.
Осы үзінді де ақыр заманның келетін уақытының нақты белгілерін айтып жатыр. Бұл біріншіден «шайқастар мен соғыстар». Бүкіл әлемде қазір тынышсыздық жағдай болып жатыр. Қазір теледидарды қосуға қорқасыз. Жаңалықтарды қарап қалсаңыз, «анда біреуді өлітіріп жатыр немесе мынада біреулерді қырып жатыр» деген сөздерді жиі естисіз. Шын мәнінде соңғы кездері сөзсіз осындай жағдайлар жиі кездесіп тұрады. Бірақ Иса айтады, «бұдан сендер қорықпаңдар солай болуға тиіс». Қазір жалпы ұлтпен ұлт немесе мемлекетпен мемлекет соғысып жатыр. Үлкен халықпен кіші халық немесе жер үшін соғысып жатады. Өкініштісі қазір соғыстан көзіміз ашылмай қойды. Соңғы дәуірде ерекше көптеген соғыс болып тұрады. Тарихқа қарасаңыз, бұрын-соңды саны жағынан осыншама қақтығыстар болмаған.
Мен сізге қазір көптеген деректерді айтайын. 20-шы ғасырдың өзінде соғыстан 100 миллион адам көз жұмған. Соның ішінде 1945 жылғы соғыстан кейін 23 миллион адам өлген. Жалпы бұл уақыттарды біз бейбітшілік дәуірі деп санадық. Соңғы оншақты жылдың ішінде үлкен 23 соғыс болған. Қазіргі кездегі соғысқа бір кісі мынадай баға беріпті: «бір бомбардировщиктің бағасы 25 000 000 доллар тұрады. Ал бір әскери ракетаның өзі, 1 300 000 доллар тұрады екен. Бір жалғыз снарядтың өзі 2 000-36 000 долларға дейін бағалайды екен». Осы заманда мемлекетпен мемлекет соғысу үшін осыларды сатып алуға ақшаларын аямайды. Өйткені олар үшін соғыс маңызды. Бір ракетаға кеткен баға бес жылы бойы бір мектептің балаларын күніне үш рет тамақтандыруға жетеді екен. Ал соңғы заманда не істеп жатыр? Балалардың тамағынан гөрі шайқастар мен соғыстар маңызды болып тұр.
Содан соң «ашаршылық пен індеттер» болуға тиіс деді. Тағы да біреу былай деген екен: «Әрбір жаңа соғыс автоматы, әрбір жаңа әскери кеме және әрбір жаңа әскери ракеталар ашаршылықта өлген адамдардың азығын ұрлауға кетіп жатыр». Жер бетінде адамдардың 3/1 бөлігі ашаршылықта өмір кешіп жатыр. Тағы да 3/1 бөлігі азық-түлікті тоймай жейді екен. Яғни, бар болса ғана жейді. Ал енді 3/1 бөлігі ғана тамақты тоя жейді екен. Сондықтан әлемде халықтың 65-70 пайызы аштықта өмір сүріп жатыр. Міне, бұрын-соңды болмаған ашаршылық, біз дамыған заманда болып жатыр екен. Біз өз елімізге қарап осы деректерге сенбеуіміз мүмкін. Бірақ басқа елдер мен жерлерде осылар бар. Себебі оларда адамдар. Иса бір ұлт туралы ғана айтқан жоқ, жалпы адамдар туралы айтты.
Бір жылда бүкіл әлемде аштықтан 4 миллион бала қаза табады екен. 4 минуттың ішінде 100 бала аштан өледі. Батыс мемлекеттерінде бір жылда 1 миллион тонна азық-түлік жәй-әшейін жойылып отырады. Себебі, әлемдегі азық-түлікке жоғары бағаны ұстап тұру үшін, осылай істейді. Бұл нені білдіреді? Әрине, өзінің қара басының қамын ойлауды ғана көрсетеді. Жақында теледидарда Италияда болған бір мейрамды көрсетті. Олар қаланың алаңына 500 мың тонна апельсинді әкеп, жәй-әшейін бір-бірін апельсинмен атқылып ойнады. Солай бір күнде соншама апельсинді ойынмен ғана құртып отыр. Кейде помидормен де ойнайды. Кейбіреулерге осындай ойын керек. Ал басқа жақта адамдар аштан өліп жатыр.
Соңғы кездері әртүрлі «ауру мен індеттер көбейіп кетеді» делінген. Қазіргі кезде СПИД вирусын 100 миллион адам таратушы екен. Өкініштісі, бізде де соны тоқтата алмай жатыр. Әкімді немесе денсаулық министрін ауыстырып көрді, онымен ол азайған жоқ, керісінше бәрібір ақырындап көбейіп жатыр. Мәселе онда емес. Мәселе Исаның пайғамбарлық сөздері орындалып жатыр. Жылына рактың әртүрлі түрлерінен 5 миллион адам қаза болады. Тағы да туберкулезден миллиондаған адамдар көз жұмады екен. Соңғы індет «құс тұмауы» және «шошқа тұмауы» деп жатамыз. Одан да жер бетінде көптеген адамдар өліп жатыр. Бала кезімізде үлкен кісілерден тек қана «холера» деген жаман ауру туралы еститінбіз. Бірақ қазір індеттердің түр-түрі шығып жатыр. Алапес ауру үшін Қызылорда облысында арнайы лепрозор бар. Міне осындай нәрселердің көбеюі, Исаның екінші рет келуінің бір белгісі.
Бұл ғана емес, «табиғи апаттар мен жер сілкінісітер жиі болып тұрады» деді. Шынымен де қайда қарасаңызда жер сілкініс пен табиғи апаттар болып жатыр. Қазір тіпті жер сілкінісі болмайды деген жерлер де болып жатыр. Мысалыға, Батыс Қазақстанда жер сілкінісі болмайды деп ғалымдар айтқан, бірақта жақында бірнеше ауылдың үйлерін қиратып тастады. Соңғы жылдары өте көп жерлерде жер асты қозғалысы кезігеді.
Мынадай мәлімет бар: соңғы 30 жылдың ішінде болған жер сілікіністердің саны бұрын 2000 жыл бойы болған санынан асып түсті. Мына кесіндіні қараңыз: 1000 – 1800 жыл аралығында 21 ғана жер сілікінген. 18 ғасыр бойы болған сілкініс. Ал 1800 – 1900 жыл аралығында 18 жер сілікінген. Яғни бір ғасырда. Енді 50 жыл ішінде, 1900 – 1950 жыл аралығында 33 жер сілкінген. Ал 40 жыл ішінде, 1950 – 1991 жыл аралығында 93 жер сілкінген. Солардың нәтижесінен 1 300 000 адам қаза тапқан. Бұл 1991 жылға дейінгі санақ. Одан бері қанша ма жер сілкінде? Бұл одан да асып кетеді. Исаның айтқан сөздері сөзбе-сөз орындалып жатыр.
Бұның бәрі факты, Иса ешқашан алдамайды, Ол тек қана шындықты айтады. Оның айтқан сөзі орындалуға тиіс. Осыларды естіген кезде бір жағынан қуанамын, өйткені Құдайға баратын уақыт аз қалды, екінші жағынан өкінемін, өйткені халқымыз әлі толық құтқарылған жоқ.
Соңғы замандарда «Исаға сенгенімізге бола бізді жек көретін болады» делінген. Шыныменде қазір осылар болып жатыр. Өйткені туыстарымызды айтпай-ақ қояйын, тіпті жалпы халық болып қарсы шығып жатады. Біз туралы теле-радио хабарлар да және газет-журналдардың бетінде әртүрлі жаман сөздерді көрсетіп, жазып жатады. Тіпті қарсы заңдарды шығарғысы келіп жатыр. Көптеген елдерде көптеген мәсіхшілерді қудалап, түрмелерге басып жатыр. Бірақ Иса алдын ала осылай болатыны туралы айтып кеткен. Исаның екінші рет келуіне жақындаған сайын оның көбеюі әбден мүмкін. Біз соған дайын болуымыз керек. Бұл қорқыту емес, бұл ескерту. Өйткені Иеміз Иса Мәсіхтің Өзі ескертіп отыр, сондықтан сенушілер ретінде бізде ескертуге тиіспіз. Қудалаулар сіз үшін жаңалық болмауы керек.
Мысалы ретінде айтайын. Кейде қауымдарға аяқ астынан үлкен сынақ пен қудалаулар келіп қалады. Сонда сол қудалауға төтеп бере алмай, келесі жексенбі күні қауым мүшелерінің жартысы жиналыстарға келмей қалады. Неге? Өйткені қудалау туралы білмейді және дайын болған жоқ. Сондықтан біз дайын болайық. Тіпті от сияқты жалындаған қудалаулар келсе де, түрмелерге жапса да, бізді балағаттаса да Жаратқан Ие бізбен бірге. Аумин!
Соңғы дәуірде «сенушілер сенімдерінен танып, бір-біріне опасыздық жасап, сатып беретін болады» делінген. «Жалпы адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншіліктері суып кететін болады» дейді. Яғни, жек көрініштер мен аямаушылықтар көбейіп кетеді. «Жанашарлық» деген атымен мүлдем болмайды. Адам өлтіру деген, тіпті итті өлтіріп тастағанмен бірдей болып қалады. Шын мәнінде осындай жағдайлар біздің қоғамымызда кезігіп жатыр.
Жақын теледидардан АХАЖ (ЗАГС) бөлімінің меңгерушісінің айтқанын естідім. Қазақстандағы қиылып жатқан некенің 50 пайызы ажырасып кетеді екен. Яғни, біреу келіп қидырып жатса, екіншісі келіп, ажырасып отырады. Бұл қорқынышты мәлімет. Бұл тек қана Қазақстанда емес, көптеген елдерде осындай, егер асып түспесе. Бұл нені білдіреді? Бір-біріне деген сүйіспеншіліктің немесе сый-құрметтің жоғалғаның көрсеткіші. Әрбір 4 баланың біреуі жетім, яғни ажырасудың салдарынан анасыз немесе әкесіз өмір сүріп жатыр. Бір-бірін жақсы көрмегендіктен әлемде күніне 5000-дай аборт жасалады. Ал жылына әлемде 1,5 миллион аборт жасалып отырады. Бұл Құдайдың көз-қарасымен үлкен күнә және қорқынышты. Орта жастағы әйелдер өмірінде кем дегенде 4 рет аборт жасатқан.
Тіпті соңғы дәуірлерде сенушілердің арасында да сүйіспеншілік жоғалады. Бір-бірін болмайтын себептерге бола сатып кетіп жатады. Келген сынақтарды көтере алмай, бір-бірін айыптап жатады. Сондықтан да бір-біріне опасыздық жасап, жек көрушілік пайда болады. Себебі әрбір сенуші өз өмірін ғана сақтап қалуды ойлайтын болады.
Енді соңғы белгі, «Ізгі хабар күллі халықтарға паш етіледі» делінген. Бұрын-соңды таратылмаған Ізгі хабар соңғы дәуірде үдей түсті. Аумин! Құдайға шүкір, Құдайдың Ізгі хабары Қазақстанға 15-20 жыл бұрын ашық келді. Әрине, оған дейін де болды, бірақ ашық түрінде уағыздалмады. Енді Жаратқанның рақымдылығымен қазір ашық түрінде уағыздалып жатыр. Сонымен қатар, Исаның екінші рет келетінінің белгісі, өйткені соңғы заманда күллі ұлттарға таратылуы керек. Жалпы естімейтін халық қалмайды.
Әлемде мәсіхшілік қауымдар 251 мемлекеттерде ашылған. Жылына 4 миллиард Ізгі хабар туралы кітаптар таратылады екен. Бұрын-соңды бұлай жаппай тарату деген болмаған. Жер бетінде 2000-нан аса тілдер мен ұлттар бар, соның ішінде 2062 тілдерге Киелі кітаптың бір бөлімі болса да аударылған. Яғни, сол ұлттың арасында бір бөлігі болса да Құдай сөзі жетті дегенді білдіреді. Соңғы кездері теле-радио хабарлары және газет-журналдар арқылы да мәсіхшілік туралы кең тарап жатыр.
Бауырым Ахмет, қортындалай келе, айтпағым мынау. Егер Киелі Кітаптағы Исаның айтқандары шындық болса, онда біз соңғы заманда өмір сүріп жатырмыз. Оның шындық екеніне ешқашан күман келтірмеңіз. Оның қайта келуіне сіз дайынсыз ба? Осы уақыт өте жақын қалды. Иеміз Иса көкте болатын үлкен тойға дайындалып жатыр. Біз сол тойға қатысып, Онымен бірге және бұрынғы пайғамбарлармен бірге дастархандас боламыз. Осындай сөздер бізді жігерлендіреді.
Жоғарыда курсивпен келтірілген сөздердің бәрі менің ойымнан шыққан сөздер емес. Құдайдың Киелі сөзінен алынған. Исаның бізді Өзімен бірге алып кетуіне өте жақын қалды. Бірақ біз нақты уақытын айта алмаймыз. Соның болатынына нақты сенеміз. Енді өз жүрегіңізге қараңыз, уақыт аз қалды. Бауырларымызды құтқаруға асығайық, олардың үйлеріне барайық, тыныш отырмайық. Қозғалатын уақыт келді. Өзіміздің қара басымыздың құтқарылғанына ғана қуанбайық, жанымызда жүрген қаншама адамдар бар. Исаның Құтқарушы екенін халқымызға жариялайық. Шынымен де осы мәліметтерді оларға айтып беріңіз. Өйткені бұл шындық.
Әрине кез келген адам менімен келіспей, «қойыңызшы, бұндай жағдай тарихта өмір бойы болып келе жатыр» деуі әбден мүмкін. Бірақ бауырым тұра тұр, бұрын-соңды осындай дәрежеде немесе осындай санымен болмаған. Егер арамызда әлі де құтқарылмаған адамдар болса, оларға мүмкіншілік бар. Уақыт аз қалды.
Бірде бір кісінің кішкентай баласы ауырып қалыпты. Баладан «өміріңдегі ең үлкен арманың қандай?» деп сұрапты. Бала, «мемлекетіміздің президентін көрсем ғой!» депті. Мұны журналистер есітіп қойып газетке жариялап жіберіпті. Оны оқыған ел президенті баланың арманын орындау үшін, таң атпай баланың үйіне келеді. Есікті қаққан президентке баланың әкесі ұйқылы-ояу іш киімімен есікті ашуға шығады. Ашып қалса, есіктің арғы жағында ел президенті тұр. Әкесі өз көзіне сенбей, іш киіммен тұрып аң-таң. Сонда баланың әкесі ішінен, «егер президенттің таң атпай келетінін білгенде жуынып, шайынып киініп дайын тұрар» едім деген екен. Сол сияқты сіз Исаның берген рухани киімімен дайын тұрсыз ба? Ол есік алдында тұр? Заманның ақыры өте жақын. Құдай сіздерге жар болсын! Аумин!
Категорически запрещено в комментариях обсуждать, оскорблять, критиковать, унижать любые церкви, обсуждать личности пастырей, учителей, музыкантов, дискриминировать деноминации. ...
нарушители будут строго наказаны.