Воскресенье, 06.07.2025, 00:49
Главная Регистрация Вход
Приветствую Вас, Неверующий · RSS
Меню сайта
BIBLEVERS
Форма входа
Поиск
Друзья сайта
    wwjd.ru: Христианская поисковая система. Христианское видео музыка фонограммы проповеди MP3 Для ТЕБЯ
Наш баннер:

Код баннера:

Наш Flash баннер:

Код flash баннера:
Ақиқат қауымы
Наш опрос
Как вам наша группа прославления?
Всего ответов: 142
Статистика
Наша посещаемость:
счетчик посетителей сайта
Онлайн всего: 1
Неверующих: 1
Верующих: 0
 Вопросы и ответы!
Связь с нами » Вопросы и ответы! » Вопросы и ответы » Вопросы и ответы [ Добавить объявление ]



На Ваши вопросы отвечают служители христианских церквей.
Щелкните по вопросу-ссылке, чтобы увидеть развернутый ответ.


Искать Вопросы!

Сұрақ: Менің неге сенгенім дұрыс?

Жауап:

Асханалардың көбісінде біз өзімізге ұнайтын тағамға тапсырыс бере аламыз. Көптеген кофеханалар тұтынушыларына кофенің неше түрлі сорттарын ұсына алады. Біз үй немесе машина сатып алғымыз келген кезде де олардың бізге барлық жағынан ұнайтынына көз жеткізгіміз келеді. Қазір адамдар өзіне ұнағанды таңдай алатын болғандықтан, біздің талғамымыз өте жоғары, өйткені біз біркелкі дүниеде өмір сүріп жатқан жоқпыз!

Ал біз үшін ең дұрыс дін қандай? Бізді кінәлы етіп сезіндірмейтін, қатаң талаптар қоймайтын, «мынаны істе», «мынаны істеме» деп әуре қылдырмайтын дін бар ма екен? Мен жаңа айтып кеткендей осындай дін бар болғанымен, дінді балмұздақты тандағандай таңдауға болады ма?

Жан-жақтан шыққан әр түрлі дауыстар біздің оларға назар аударғанымызды талап етеді: біз неліктен Исаны, мәселен, Мұхамедтен немесе Конфуцийден, Буддадан немесе Джозеф Смиттен жоғары қоюымыз керек? Барлық діндер бірдей емес пе, осы жолдардың бәрі жұмаққа апарады емес пе? Алайда барлық жолдардың бізді керекті жерге апармайтынындай, бұл жолдардың бәрі бізді көкке апара алмайды.

Құдайдың билігі жалғыз Исада ғана бар, өйткені Иса ғана өлімді жеңді! Мұхамед, Конфуций және басқа әйгілі тұлғалардың барлығы әлі күнге дейін қабірлерінде жатыр, ал Иса римдік айқышта қиналып өлгеннен кейін үшінші күні қайта тіріліп қабірден шықты. Сондықтан өлімді жеңген Тұлға ғана біздің назарымызға лайықты! Біз өлімді жеңген Тұлғаны ғана тыңдауымыз керек!

Мәсіхтің өлімнен қайта тірілгені жайлы дәлелін ешкім де жоққа шығара алмайды. Біріншіден өлімнен қайта тірілгенін Исаны бес жүзден астам адам көрді. Бұл - өте үлкен сан! Бес жүз адамның растауын елемеу мүмкін емес. Сонымен қатар қабірдің бос болуы да зор дәлел болып табылады. Исаның жаулары Оның өлімнен қайта тірілгені жайлы әңгімені тоқтату үшін Оның шіріген мәйітін жұртқа көрсететін еді, бірақ ол жоқ болды! Қабір ішінде ештеңе болған жоқ! Оның шәкірттері мәйітті ұрлап алған жоқ па? Бұл мүмкін емес, өйткені қабірді қарулы әскер мұқият күзетіп тұрды. Иса Мәсіх ұсталып, айқышқа шегеленер алдына Оның шәкірттері шошып қашып кеткен болатын. Соншалықты қорыққан бірнеше балықшы кәсіби қарулы әскерге қарсы шықпас еді. Осы дәлелдерге сүйенген кезде Исаның қайта тірілуін жоққа шығару мүмкін емес!

Алдында айтылғандай: өлімді жеңіп, оған билік жүргізетін Тұлға біздің Оған назар аударғанымызға лайықты. Иса өлімді жеңгендіктен біз Оның сөзіне құлақ асуымыз керек. Иса Өзінің құтқарылуға апаратын жалғыз жол екенін айтады (Жохан 14:6). Иса – Құдайға апаратын көптеген жолдардың бірі емес, Ол – жалғыз жол!

Иса былай деген: «Қиналып қатты шаршап-шалдыққандар, еңселерін тым ауыр жүк басқандар, Менің қасыма келіңдер, барлығың, жандарыңды Мен рақатқа бөлеймін!» (Матай 11:28). Біз өмір сүріп жатқан қатыгез дүниедегі ғұмырымыз әр түрлі қиыншылықтарға толы. Көбіміз талай түңіліп, жүректеріміз жараланған болатын? Осыған келісесіз бе? Сонда сіз нені қалайсыз? Құдаймен шын мәнінде татуласуды ма әлде мағынасыз дінді ме? Тірі Құтқарушыны ма әлде өлген пайғамбарлардың біреуін бе? Құдаймен шынайы қарым-қатынаста болуды ма әлде пайдасыз салт-дәстүрлерді ұстануды ма? Иса осы таңдаулардың бірі емес, Ол - жалғыз дұрыс таңдау болып табылады!

Егер сіз күнәларыңыз үшін кешірім беретін «дұрыс дінді» іздеп жүрген болсаңыз, онда Исаға сеніңіз (Елшілер. істері 10:43). Егер Құдаймен шынайы қарым-қатынаста болғыңыз келсе (Жохан 10:10), Исаға сеніңіз. Егер жұмақтан үй алып, онда мәңгілік өмір сүргіңіз келсе (Жохан 3:16), Исаға сеніңіз. Иса Мәсіхті өзініздің Құтқарушыңыз ретінде қабылдап, Оған сенім артсаңыз, осы шешіміңізге ешқашан өкінбейтін боласыз! Иеміздің сіздің күнәларыңызды кешіретініне кәміл сенсеңіз, Одан ешқашан көңіліңіз қалмайды.

Егер сіз Құдаймен дұрыс қарым-қатынаста болғыңыз келсе, төменде көрсетілгендей мәнажат етіңіз. Алайда есіңізде болсын: сіз әншейін сиыну арқылы құтқарылмайсыз, ең бастысы сіз өз күнәларыңыздың Иса Мәсіх арқылы кешірілгеніне сенуіңіз керек. Ал мінажат ету арқылы сіз өзіңіздің Құдайға сенетініңізді және сізді құтқарғаны үшін Оған риза екеніңізді білдіресіз.

«Құдайым! Мен Сенің алдында күнә жасағанымды мойындаймын және жазалануға тиісті екенімді білемін. Бірақ Иса Мәсіх менің Оған артқан сенімім арқылы кешірілуім үшін менің тартатын жазамды Өз мойнына алды. Мен өз күнәларымды мойындаймын және менің құтқарылу жолым жалғыз Сен ғана екеніне сенемін. Сенің маған төккен рақымыңа және бірген кешіріміңе рахмет! Аумин!»

Сіз осы жерде айтылғанды оқығаннан кейін Мәсіхті қабылдау жайында шешім жасадыңыз ба? Егер «иә» десеңіз, онда, «Мен бүгін Мәсіхті қабылдадым» деген түймені басыңыз.
Просмотров: 723 | Загрузок: 0 | Добавил: Неверующий | Дата: 06.07.2025 | Рейтинг: 0.0/0


Категорически запрещено в комментариях обсуждать, оскорблять, критиковать, унижать любые церкви, обсуждать личности пастырей, учителей, музыкантов, дискриминировать деноминации. ... нарушители будут строго наказаны.

Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Хостинг от uCoz © 2025 All rights reserved. Ardak Kanatbayev
Rambler's Top100