Менің аты-жөнім Шокирова Клара, Алматы қаласында тұрамын. Жасым жетпістен асып бара жатыр, зейнеткермін. Мен 1992 жылы зоб ауыруымен өте қатты ауырдым. Жүре алмай тіпті мүгедек болуға жақын қалдым. Кеселім асқындап, жаныма қатты батты.
Менің аты-жөнім Кабакова Нәзира, 1952 жылы дүниеге келгенмін. Құдайсыз өмірімді осы уақытқа дейін мен дұрыс түсінген жоқпын. Өмірімдегі ең қиын уақыттарымда, «өмірдің қандай мағынасы, мақсаты бар» деп іздейтінмін. Қиыншылықтарым өте көп болды. Бірден-бір себебі ата-анасыз жетім өстім. Өмірде әке-шешенің сүйіспенгшілігін көрген емеспін. Әрине, есейе келе тұрмыс құрдым, сонымен Алматы қаласына келдік. Әйел басыммен құрылыста, ауыр жұмыстар істедім. Сол қиын, ауыр жұмыстың салдарынан қатты суық тигізіп, жаман ауруға шалдықтым.
Менің аты-жөнім Кыдыков Думан Бақытжанұлы, жасым 17-де. Алматы обласы, Еңбекшіқазақ ауданының орталығы Есік қаласында дүниеге келдім. Бірақта негізгі өмірім Алматы қаласында өтіп жатыр. Әке-шешем ішкі істер ұйымында, полиция қызметкерлері болып істеді. Әкем осы күнге шейін сол қызметте, ал анам қазір басқа жұмыста. Өзімнен үлкен ағам бар. Оның аты- Тимур. Өкінішке орай, біздің бала кезімізде отбасымызда үлкен мәселелер болып, әкем біздің жанұядан алыстай бастады. Ата-анам соның салдарынан ажырасып кетті. Бізге және шешеме сол кездері өте қиын соқты. Біз балалары ретінде оған өте қатты ашуланып, тіпті «өскенде одан кегімізді аламыз», деп ойладық. Әрине, сол кезде ызалықпен сондай ой болды, бірақта қазір кешіріммен қараймыз.
Менің атым Бақыт, жасым 19-да. Алматы обласы, Талғар ауданында тұрамын. Исаға сенушімін. Иса Мәсіхке кішкентай кезімнен сенемін. Өйткені бала кезімде анам арқылы Ол туралы көп естігенмін. Есімде, ол кезде шамамен 6-7 жаста болдым. Отбасында алты адамбыз. Әкем, шешем, бір ағам, бір әпкем және екі сіңлім бар. Отбасында әкемнен басқасының бәрі сенушілерміз.
Менің аты жөнім Руслан Қабдешов. Мен 1974 жылы Атырау обласында дүниеге келгенмін. Батыс өңірінде негізгі балалық шағым өтті. Отбасында төрт адамбыз, әйелім Жазира және екі балам бар.
Менің аты-жөнім Салтанат Аманбаева. Мәскеу қаласында дүниеге келдім, әке-шешемнің жалғыз перзенті болып өстім. Сегіз жасымда Алматы қаласында тұра бастаған кезімізде әкеммен анамның арасында келіспеушілік болып, ажырасып кетті. Сөйтіп әкесіз анаммен қалдым. Шындығында, сол уақыттан бері әкем маған ешқашан қамқор көрсетіп, көмектесіп, тіпті мені іздеген де емес
Менің аты-жөнім Исақова Зәуре, жасым 22-де. Қазір Қазақтың қыздар институтының 3-ші курс студентімін. Мен Оңтүстік Қазақстан обласы, Сары-ағаш ауданында туып өскенмін. Отбасында екі ұл және екі қызбыз. Біз сіңліміз екеуміз егізбіз. Ол да тәубеге келген. Менің Исаны Құтқарушым деп қабылдағаныма биыл 4 жыл болады. Өз облысымыздың Шардара қаласында тәубе еткенмін. Негізі Иса Мәсіх туралы бірінші рет 1998 жылы естігенмін. Бірақ ол кезде тәубе ету дегенді білген жоқпын.